«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы мен Орталық Кеңес Президиумының бірлескен отырысында Президент Жолдауының негізгі ережелерін талқылады  

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы мен Орталық Кеңес Президиумының бірлескен отырысында Президенттің еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған Жолдауының негізгі ережелерін талқылады. Талқылауға партия төрағасы Азат Перуашев, Орталық Кеңес Президиумының мүшелері, Мәжіліс депутаттары, белсенділер, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара «Ақ жол» ҚДП аймақтық филиалдарының бейнеконференция байланысы арқылы қатысуымен өтті.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында сөйлеген сөзін 6 маңызды бөлімге бөліп қарастырды: халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, тиімді мемлекеттік аппарат құру, ұтымды сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы. Әрбір нақты аталған бөлімдер бойынша Президент Үкіметке нақты тапсырмалар берді.

Бизнестің партиясы ретінде біз кәсіпкерліктің мүддесін қолдайтын бірнеше алға қойылған міндеттерді айрықша атап өте аламыз: «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын ұзарту, монополистердің көрсетілетін қызмет түрлеріне деген тарифтеріне тәртіп енгізу, бизнесті қылмыстық қудалаудан қорғау, ЕАЭО нарығында қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету сияқты өте маңызды мәселелер көтерілді. Алайда, мені қатардағы қазақстандық ретінде ең аз жалақы көлемін ұлғайту ерекше көңілімнен шықты. Бұл миллиондаған азаматтарымыздың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті өзінің сөйлеген сөзінде Азат Перуашев.

Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов Елбасының Жолдауында айтылған міндеттердің дерлігі «Ақ жол» партиясының осыған дейін Парламент мінберінде көтеріп келген мәселелерімен үндес келетінін ашық айтты.

Екатерина Никитинская салық салу мәселелеріне тоқталып өтті.

«Адал кәсіпкерлерге арналған салықтық рақымшылық – бизнесті жандандыру үшін өте маңызды қадам. Кейінгі бюджеттік талқылауларда үкімет салық жинауды арттыру туралы ғана емес, сонымен бірге салық базасын кеңейту туралы да ақпарат беруі тиіс», – деді депутат.

Перуашев жас ұрпаққа қолдау көрсету тақырыбын жалғастыра отырып, бұқаралық спорт түрлерімен айналысатын спорттық нысандар жөнінде бірқатар мәселелерге назар аударды.

«Президент бұқаралық спорт пен дене шынықтырумен айналысудың қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды. Ертең Шымкентте біздің партия филиалының басшысы бастамашылық етуімен салынған Word Class фитнес-клубының ашылуы өтеді. Біз бұл тұрғыдан 100 спорттық-сауықтыру орталықтарын құру туралы Жолдауда айтылған міндетті жүзеге асыруға бірінші болып үлес қосамыз деп санаймыз», – деп өз сөзін түйіндеді «Ақ жол» жетекшісі.

5 қазан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған