А.Шпекбаев: «СҚО сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша соңғы орында»

СҚО сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша соңғы орында. Мұндай ақпарат  СҚО-ның облыстық әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың қатысуымен өткен кеңесте айтылды.

Кеңеске мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен қоғам өкілдері қатысты. Видеоконференция режиміндегі іс-шарадан облыс аудандарының өкілдері де қалыс қалмаған. Кездесу басында сөз сөйлеген Ерік Сұлтанов бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында өткізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар кешеніне тоқталып өтті.

dsc_5164

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы және жергілікті атқарушы органдар жанындағы көлеңкелі экономиканы болдырмау стратегиясын жүзеге асыру аясында әкімшілік-территориялық бірлік әкімдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведосмствоаралық комиссия жұмыс істейді. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат табысты жүзеге асырылуда. Жемқорлықтың алдын алу мен оны туындататын жағдайларды болдырмау маңызды», – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Алик Шпекбаев жемқорлықпен күрестің әлемдік тәжірибесі, жемқорлыққа қарсы заң нормалары, жазалау шаралары жөніндегі толық ақпаратпен бөлісті.

«Бұрындары біз жемқорлықтың салдарымен күрескен болсақ, бүгінде алдын алу шараларына баса назар аударамыз. Біздің міндетіміз – мемлекеттік қызметкерлер, тұрғындар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру. Қоғам жемқорлықты жоюға жаппай жұмылғанда ғана жеңе алады», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

dsc_5175

Сондай-ақ, Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлық бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы соңғы орында екенін атап өтті.

Статитстикалық мәліметтерге сай СҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қорытындысы бойынша былтырғы жылы 96 қылмыс тіркелсе, биыл олардың саны 67-ні құраған.  Бұдан бөлек, жиналыс барысында ірі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы видеосюжеттер көрсетілді.

Жиналыс соңында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов Алик Шпекбаевқа отырыс жұмысына қатысқаны және мазмұнды, пайдалы ақпартпен бөліскені үшін алғысын білдірді. 

СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша дайындаған «ЕлАна»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған