БАЙЛЫҚ ШАҚЫРАТЫН СҮРЕ

Абдулла ибн Масуд қайтыс болар кезде төсек тартып жатып қалады. Халифа Осман оның көңілін сұрап үйіне барады. Сөйтіп одан бәлкім, айтатын бір шағым-талаптарың бар шығар деп сұрайды. Ибн Мәсуд: – Бір ғана шағымым бар, ол – күнәларым. Хазіреті Осман: – Ия, Ибн Мәсуд басқа не қалайсың? – деп сұрайды. Ибн Мәсуд: – Алланың рақымын қалаймын – деп көптен күткен үмітін айтады. Осман халиф: – Саған мемлекет жылдар бойына ақы тағайындап келді. Сен одан бас тарттың. Қаласаң мен сол қаржыны саған берсін деп әмір етейін? – деп қолынан келетін шаруаны айтады. Сонда Ибн Мәсуд: – Мұнан соң оның пайдасы бола қоймас. Балаларым кедей болып қалады деп қорқамысың? Мен оларға әр түні «Уақиға» сүресін оқыңдар деймін. Өйткені, Алла Елшісінің (с.ғ.с.): «Кімде кім әр күні жатарда «Уақиға» сүресін оқитын болса, дүниеде таршылық көрмейді», – деп айтқанын естіген едім».

 

  Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
Толығырақ: http://kazislam.kz/gibratty-angimeler/item/14328-bajlyk-shakyratyn-s-re

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған