Балаңыз қалай, демек сіз…

Перзент (бала) – Алланың адам баласына берген сыйы әрі аманаты. Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-ананың ең басты міндеті есептеледі. Араб психологы Тариқ әл-Хабиб бала тәрбиесі жөнінде мынандай кеңестерді айтады:

  • Балаңыз көп өтірік сөйлей ме? – Демек, сіз оны шектен тыс тексеріп, тергейсіз.
  • Балаңыздың өзіне-өзі сенушілігі төмен бе? – Демек, сіз оның рухын көтермейсіз, ынталандырмайсыз.
  • Балаңыздың сөйлеу қабілеті (шешендік өнері) нашар ма? – Демек, сіз онымен бірге отырып сөйлеспейсіз.
  • Балаңыз ұрлық жасай ма? – Демек, сіз оған ешнәрсе сыйламайсыз.
  • Балаңыз қорқақ па? – Демек, сіз оны көп қорғайсыз.
  • Балаңыз басқаларды құрметтемей ме? – Демек, сіз онымен дауыс көтеріп сөйлесесіз.
  • Балаңыз әрдайым жүзі қаяулы, жабыраңқы көңілде жүре ме? – Демек, сіз оны аз мақтайсыз.
  • Балаңыз сараң ба? – Демек, сіз онымен бөліспейсіз (немесе бөлісуді үйретпейсіз).
  • Балаңыз басқаларға зорлық көрсете ме? – Демек, сіз де оған қаталсыз.
  • Балаңыздың рухы әлсіз бе? – Демек, сіз оған дөрекісіз.
  • Балаңызда іштарлық бар ма? – Демек, сіз оны елемейсіз, оны ұсақсынып, әңгімелерін тыңдамайсыз.
  • Балаңыз сізден қашқақтай ма? – Демек, сіз оны құшағыңызға алмайсыз.
  • Балаңыз сізді тыңдамай ма? – Демек, сіз талапты күшейтіп жібергенсіз.
  • Балаңыз тұйық па? – Демек, сіз жұмысқа қатты берілген адамсыз.

 

Дайындаған Хасан АМАНҚҰЛОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған