Балаң өзімшіл болып өспесін десең…

 

Бала ес біле бастағаннан-ақ оған үлкендердің жапа-машақатын, ата-ананың оның сау денелі есейуі үшін сіңірген еңбегі мен төккен терін ұғындыру керек. Оларды өздерінің шамасы жететін үй шаруасына араластырып, еңбектің дәмін татқызу керек.
Ата-ана баланы өзінің сүйіспеншілігіне бөлей отырып мына мәселені сөзсіз ойластыру керек: ол өзінің қуанышы мен бақыты ата-ана, мұғалім, мектептің, қоғамның, сондай-ақ сансыз алдыңғы буын аталарының қан-тері мен күресі арқылы келгенін біле алды ма, жоқ па? Ол өзінің де басқалар үшін біраз әс істеуі керектігін сезіне алды ма, жоқ па? Егер ол бұл түйінді танып жете алмаса, мұның бәрі табиғи іс деп санаса, оның өзімшіл болып шығуына үлкен себеп.
Басқаларды аялау, басқаларға көңіл бөлу отбасы тәрбиесінен басталады. Оларды өз шамасы жететін үй шаруасына ертерек араластырып, еңбектің дәмін татқызу керек әрі олардың әке-шешеге шаттық бағыштай, әке-шешенің қамын ойлай білуіне мүмкіндік жасау керек.
Өкінерлігі, көптеген ата-аналар мұны түсіне бермейді. Баласының әрекеттеніп, еңбекке араласуын, баласының өздері үшін жақсы істеуінен шектейді. Нәтижеде бала қайтерін білмей дағдарады. Ол өзгелерге көңіл бөлмеу сынды кемшілікті бойына жұқтырғаннан кейін оны түзету қиынға соғады.
Отағасы сондай-ақ баланы ұстаздарын сүйюге, құрметтеуге, сыныптастарына көмектесуге жетелеуі, оны айналасы үшін жақсы іс істеуге шабыттандыру керек. Мысалы, сыныптасы ауырып қалса көңілін сұрап баруға, жағдайын ұғысып, жанашырлық сезімін бідіруге жетелеу керек. Тағы басқа да жағдайларға байланысты бұл ерекшелікті жетілдіре түсу керек.
Баланың басқаларға көңіл бөлмей, өзімшілдеу болуы көбінесе ата-ананың әлпештеуі мен еркіне жіберуінен туындайды. Ал баланың ашық-жарқын, адал, мейірлі және өзгелерге тілеулес болуы оның өмір жолын кеңейте түседі. Әрі қиындыққа жолыққанда торықпайтын ерекшелікке ие етеді. Сөзі мен ісі бірдей табанды, өзіне сенімді болып өседі.
Қара басының қамын ойлайтын өзімшілдік аса зиянды. Өзімшілдік адамды көптен алыстатады. Қысқасы көреген ата-ана бұл мәселенің салдарын толық тануы әрі күнделікті тұрмыста, баланың өзімшіл, өз басының қамын күйттейтін әдеттен аулақ болуына көңіл бөлуі тиіс.

namys.kz сайтынан алынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған