Бала тәрбиесінде маңызды 7 нәрсе

       «Тәрбие тал бесіктен басталады» дейді халқымыз. Расында, баланың тәрбиесіне дер кезінде көңіл бөлмесек, есейіп, ер жеткенде тым кеш болуы мүмкін. Баланың қарнын тойдырып, киіндіру өз алдына, рухани тұрғыдан тәрбие беру тіпті қиын. Ал қазіргі таңда жұмыс, табыс табам деп жүріп көптеген ата-аналар мына нәрселерді ұмыт қалдырып жатады:

1. Баладан мейіріміңіз бен махаббатыңызды аямаңыз.
2. Әр нәрсенің орны мен өз уақыты барын білдіріңіз. Мысалы, бала өз төсегіне ұйықтап үйренуі керек, үстел басында тек өз орнына отыруы тиіс, уақытты босқа өткізбеуін, уақыттың қадірін білуге баулыңыз.
3. Жауапкершілікке үйрету. Ең алдымен өзінің, содан соң отбасының, қоғам мен Отан алдындағы жауапкершілікке үйретіңіз.
4. Балаңызды жиі мақтаңыз.
5. Уақытыңызды көбірек балаңызбен өткізуге тырысыңыз.
6. Мейірімділік пен жомарттық – жақсы азаматтарға тән қасиет. Сондықтан балаға 2-3 жасынан бастап «ол сенің ағаң, інің немесе қарындасың», «оларды жақсы көр, сенің бауырың» деп, үйге бірнәрсе сатып әкелсеңіз «бөліп жеңдер, бірге ойнаңдар» деген сияқты сөздерді жиі айтып, оны бауырмашылдыққа, мейірімділікке үйретіңіз.
7. «Мен сені жақсы көремін, сен ақылдысың, жақсысың» деген сөзді жиі айтыңыз.

Жастар.кз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған