Банан қосылған десерт  

Бізге керегі:

2 банан

¾ кесе сүт

10 түйір жержаңғақ

1 жұмыртқаның сарысы

3 ас қасық қант

2 ас қасық жүгері крахмалы

½ шәй қасық ванилин

Тұз

Дайындалуы:
Ең алдымен жержаңғақты құрғақ табада қызарғанша қуырып аламыз. Жүгері крахмалын кішкене тұз, қант қосып араластырып, жұмыртқаның сарысын қосамыз. Енді осы қоспаның үстінен сүтті құямыз да, жақсылап араластырамыз. Кейін қоспаны баяу отқа қойып қайнатамыз. Содан соң, оттан алып, ванилин қосып, суытамыз. Бананды дөңгелек етіп турап, арнайы ыдыстарға салып, үстінен дайын крем құямыз. Үстіңгі жағын өз қалауыңызша әсемдеуге болады. Міне, осымен десерт те дайын.

Асыңыз дәмді болын!

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған