Барлық жақсылықтың сүресі

Бұл Меккеде алғаш түскен сүрелердің бірі әрі Құранның ең қысқа сүресі. Үш аяттан тұрады. Атауы алғашқы аяттағы (үзілмейтін мол жақсылық) мағынасындағы «әлКәусәр» сөзімен байланысты. Сүреде Алла тағаланың сүйікті елшісіне (с.ғ.с.) тарту еткен ерекше сыйлары баян етеді.

Бисмилләһир Рахманир Рахиим

1.   Иннә әътайнәкәл кәус̃әр
2.   фәсалли лираббикә уәнхәр
3.   иннә шәниәкә һууәл әбтәр

Рахман әрі аса Рақымды Алланың атымен (бастаймын).

1.     Шүбәсіз, Біз саған Кәусәрді (үзілмейтін, түгесілмейтін мол жақсылық) нәсіп еттік.
2.     Сен де Раббың үшін (Оған борыштар екеніңді жан-тәніңмен сезіне отырып) намаз оқы және құрбан шал!
3.     Ақиқатында, сені (ұрпақсыз, нағыз жақсылықтан мақұрым деп) кемсітушілердің өздері ұрпақсыз, өздері мақұрым!

       «Кәусәр» – Алла елшісіне (с.ғ.с.) бұл дүниеде һәм ақыретте берілетін барлық жақсылықты қамтиды. Сондай-ақ «Кәусәр» пайғамбарымызға (с.ғ.с.) о дүниеде тарту етілетін берекелі хауыз. Оған (с.ғ.с.) лайықты үмбет бола білген әрбір жан сол берекелі хауыздан сусындайтын болады.

       Кезінде кәпірлер пайғамбарымызды (с.ғ.с.) өз кіндігінен тарайтын ұрпақтан, сондай-ақ ізінен еріп, жолын жалғастыратын рухани ұрпақтан мақұрым қалып, аты өшетінін айтып қорлаған еді. Алайда олардың айтқаны керісінше болды. Бұған осынау «Кәусәр» сүресі де куә болуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған