БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

16-17 қараша күндері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Білім-Инновация» және «Білім Орда» ХҚҚ-на қарасты білім беру ұйымдарының оқушы қыздар арасында Республикалық волейбол турнирі өтеді.

Дәстүрге айналған шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар арасында сыйластық, ұйымшылдық қарым-қатынас орнату.

Турнирге «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ ОРДА» ХҚҚ қарасты білім беру ұйымдарының оқушыларынан және колледждің 1,2-курс студенттерінен құралған 11 команда, барлығы 110 оқушы қатысады.

Турнирдің ашылу салтанаты: 16 қараша күні сағат 9:00-де Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатында өтеді. Мекенжайы: Тараз қаласы, Сулейманов 19.

Финалдық кезең 17 қараша күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі: 14:00-де Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатында өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған