Басыңа күн туғанда он екіден айырылма

1. Жағаласпай жан қалмақ қайда, төбелесте жаныңнан айырылма;
2. Не шындық. Не сұмдық. Жау тисе де, ақылыңнан айырылма;
3. Еркесіз ел, серкесіз отар болмас. Ел бастаушы көсеміңнен айырылма;
4. Тіл — кесілмес атқан оқ. Дау туылар, шешеніңнен айырылма;
5. Арсыз мың арықтап, мың семіреді. Жаныңды алса да, сыртыңнан айырылма;
6. Өзіңді зор, басқаны осал деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма;
7. Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма;
8. Ырызғысыз пенде болмас, даяр асың – малыңнан айырылма;
9. Ағайын, туыс, дос-жарансыз кім бар?! Болымсызға өкпелеп, досыңнан айырылма;
10. Қырық найза адам көргісіз соқыр түн деп, қарақудай баспанаң – қосыңнан айырылма;
11. Пенде жан серігі – бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша, намысыңнан айырылма;
12. Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайырылма. Адам күні адаммен оңалмақ, өнерпаз деген ат алсаң, өлсең дағы қайғырма;

Бауыржан Момышұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған