Бас Мүфти: Тәуелсіздік – Алланың берген сыйы мен нығметі

 

 Аса қамқор, ерекше мейірімді алланың атымен бастаймын!

Құрметті бауырлар, қадірлі отандастар!

Баршаларыңызды Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға татыған 25 жылдық торқалы тойымен құттықтаймын!

Расында, біз кешегі аумалы заманда қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр етіп, азаттықтың ақ таңын атырған халықпыз. Сондықтан да, Тәуелсіздік – ұлтымыз үшін ұлы ұғым, қастерлі сөз.

Ата-бабаларымыздың асқақ арманы мен өр рухының, иманға берік мұсылмандығының арқасында келген Тәуелсіздік – Алланың бізге берген сыйы һәм нығметі.

Аллаға сансыз шүкірлер айтамыз, егемендігімізбен бірге дініміз де өркендеп, елімізде еңселі мешіттер мен медреселер бой көтерді.

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын. Дендеріңізге саулық, күш-қайрат, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі мен халқымыздың болашағы жолындағы жұмыстарыңызға береке тілеймін.

Тәуелсіздігіміз баянды, дұғамыз қабыл, мұратымыз асыл болғай! Әумин!

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, 

 Қазақстан мұсылмандары діни  

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған