Бауырлас елмен баянды байланыс

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың инвестицияларды тарту, өнеркәсіпті әртараптандыру және басқа елдермен әріптестік байланысты нығайту туралы тапсырмасын іске асыру аясында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған делегация Иран Ислам Республикасының Гилян провинциясында жұмыс сапарымен болды.

 img-20170419-wa0023

Іссапар барысында аймақ басшысы Гилян провинцияссының губернаторы М. Наджафимен кездесіп, өңірлер арасындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда – экономикалық, рухани-мәдени байланыстарды нығайту бойынша әңгімелесті.
Бүгін біз Сіздің шақыруыңызбен өңірлер арасындағы әріптестік байланысты нығайту мақсатында тарихы терең Рашт қаласында өздеріңізбен бас қосып отырмыз. Бұл қарым-қатынас екі өңір арасындағы өзара байланысты жаңа деңгейге шығарады деп сенеміз, – деген аймақ басшысы киелі Әулиеата өңірінің жағдайымен көпшілікті таныстырып өтті. Сондай-ақ, басқосуда кәсіпкерлік, сауда-саттық, ауыл шаруашылығы салаларын қамтитын екіжақты әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.img-20170419-wa0028
– Бүгін біз тиісті меморандумға қол қоя отырып, нақты салаларда қарым-қатынасты одан ары арттырамыз деп ойлаймын. Ол өз кезегінде өңірлеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар, бұл кездесу Жамбыл облысы мен Гилян провинциясының арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді деген сенімдемін. Бүгінгі сәтті пайдалана отырып, экономикалық, рухани-мәдени  қарым-қатынасымызды одан ары арттыра түсу мақсатында, өзіңізді және гиляндық әріптестерді Жамбыл облысына арнайы сапармен келуге шақырамын, – деді облыс әкімі К. Көкірекбаев.
Үш күндік жұмыс сапары кезінде жамбылдық делегация Рәшт қаласындағы Шәһид Әнсари атындағы кәсіптік-техникалық оқу орталығы мен Әнзәли еркін сауда-өнеркәсіп аймағы мен айлағының жұмысымен танысып, сондай-ақ, Уылдырықты балық институтының жұмысын көзбен көрді.img-20170419-wa0019
Жалпы экономикалықталдау көрсеткендей, Жамбыл облысының Иран Ислам Республикасымен тауар айналымы 2016 жылы 919 мың АҚШ долларын құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 7 еседен астам ұлғайды. Ал, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 802,5 мың АҚШ долларына жетті, экспорт көлемі 780,7 мың АҚШ долларын, импорт 21,8 мың АҚШ долларын құрады.img-20170419-wa0026

Негізі Жамбыл облысы арқылы Иранға пияз, кептірілген жасымық пен бидай экспортталса, Әулиеатаға Ираннан құрма, құрылыста пайдаланатын заттар, резеңке бұйымдары, тоқыма материалдары, шыны ыдыстар, қара металлдан әзірленген бұйымдар, радиаторлар, электр шамдар және басқа халық тұтынатын тауарлар импортталған. Сондай-ақ, Иран елінен жалпы көлемі 62,2 тоннаны құрайтын құрма, авокадо, манго, гарциния секілді жемістер жеткізілген. Бүгінгі күнге аймақта мақсарыны қайта өңдеу және оның майын өндіру бойынша «ҚазИрАгро» серіктестігімен бірлескен құны 5,7 млн. АҚШ долларын құрайтын жоба іске асырылды. 2016 жылы бұл кәсіпорын шамамен 190 млн.теңгеге 600 тонна өнім өндіріп үлгерді. Бұған қоса «Меркі ет» компаниясы Иранға жылына 3 мың тоннаға дейін ірі қара және ұсақ мүйізді малдың етін жеткізу бойынша келіссөздер жүргізуде. Нәтижесінде бүгінгі күні Иранға 15 тонна ет жіберілді.

Сондай-ақ облыста халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдерін өндіретін «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-і жұмысын бастады. Кәсіпорын бүгінде ет өнімдерін Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктеріне экспорттауды бастады.

Дәулет Төлендіұлы

Жамбыл облысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған