Бауырлас Түркі жұрты наурыз тойын Түркістанда тойламақ

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев мәлім етті.

Оның айтуынша, 2017 жылдың ақпан айында күнгейде «Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасының ашылу салтанаты басталып, жыл соңына дейін түрлі айдарлармен түркі әлеміне қатысты іс-шаралар өтеді. Солардың бірі наурыз айында барша түркі жұртшылығымен бірлескен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атауға болады.

942038e5-2484-4cf6-babf-6823183b3e96

Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында түркі тілдес театрлар фестивалі, ТҮРКСОЙ-дың ХХ опералық фестивалі, түркі әлемінің кітап көрмесі мен мәдениет пен өнер универсиадасы және  Орта Азия  халықтарының қолонер фестивалі сынды көптеген халықаралық дәрежедегі  іс-шаралар да бар.

 Өздеріңізге мәлім, 2016 жылы желтоқсан айының 1-2 күндері Әзербайжанның Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешімі қабылданған болатын. Баспасөз мәслихатында Түркістан қаласының әкімі Түркі әлемінің мәдени астанасыныңбелгісін облыс әкіміне арнайы келіп табыстағанын жеткізді.

Жалпы ТҮРКСОЙ кеңесі өнер  мен  мәдениет саласындағы  тұлғаларды  дәріптеу  мақсатында  әр жылдарды  олардың  атымен  жариялай  отырып,  түрлі  мәдени  шараларды  тұрақты  өткізіп  отыруды  дәстүрге  айналдырған. 2012 жылдан  бастап  ТҮРКСОЙ түркі  әлемі  қалаларының  бірін  түркі  әлемінің  астанасы  деп  жариялап  келуде.  Кеңес ең  алғашқы мәдени 2012 жылды елордасы –  Астана  қаласына берсе,  2013  жылы  –  Эскишехир, 2014 жылы  – Қазан, 2015 жылы  – Мары,  2016 жылы  – Шеки  қалалары Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Ал 2017 жылы  – түркі  әлемінің  мәдени  астанасы – Түркістан  қаласына берілуін қоса есептегенде Қазақстан ТҮРКСОЙ – да  мәдени жыл эстафетасын екінші рет алып  отыр.

1

Киелі Түркістан қаласы үшін бұл эстафета үлкен қуаныш екенін айтқан қала басшысы бұл көне қаланың халықаралық деңгейге көтерілу үшін үлкен мүмкіндік екенін жеткізді. «Бұл  қалалар  бір  жыл  ғана  түркі  әлемінің  астанасы  болғанымен,  өзінің  түркі  әлемінде  алар орнын, маңыздылығын  мәңгілікке  қалдыруға  қол  жеткізеді. Аталған жылды аса жауапкершілікпен ұйымдастырып, шараларды тиісті деңгейде өткізуге бар күш жігерімізді салатын боламыз»,-деді Ә.Өсербаев.  

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған