Бауырмалдық балалық шақтан басталады

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ауыл мектептерінің балаларын қысқы демалыста «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жіберу үшін қайырымдылық жәрмеңкелері өткізілді.

5

Аз қамтылған отбасыларындағы бірнеше оқу озаттары көрмеге тегін қатысу үшін атыраулық зияткерлер бар үлестерін қосуда. Өзінен бұрын өзгелерге қол ұшын созып, қуаныш сыйлауға асықққан балалар шебер қолдарымен жасаған тауарларын сатылымға шығарып, мехинди, флеш-тату қызметтерін көрсетсе, енді біреулері музыкалық аспаптарда ойнап, ән айтып ақша тапты. Жәрмеңкеде үй жағдайында пісірілген тәтті тоқаштар, бәліштер мен торттар да саудаға қойылды. Сондай-ақ балалар неше түрлі қолөнер туындыларын келушілерге ұсынды.

Қарашаның 16-шы жұлдызында бастау алған бұл жәрмеңке “Мәңгілік Ел” мерекелік айлығы аясында өткен маңызды шаралардың бірі. Айлық аяғына дейін әлі бірнеше рет өтетін жәрмеңкеден түскен барлық қаржы ауыл мектептерінде оқитын оқу озаттарының “ЭКСПО-2017” көрмесін тамашалауға баратын саяхаттарына жұмсалмақ.

             1   2

             4   7

Бауырмалдық, кеңпейілдік балалық шақтан бастау алып, азамат атанғанда ел қамы, халқым үшін деген үлкен ұғымдарға ұласатыны анық. Жас өрендердің жәрмеңкесі балғын жүректердегі осы бір өскіннің ұстаз тәрбиесімен суарылып, бүр жаруы іспетті жан жадыратады. Барша жамағат үлгі алса дейміз. Әзірге үш рет өткен жәрмеңке саудасынан 300-мың теңгеге жуық қаржы түсті.

                                                                   Светлана Муньянова

One thought on “Бауырмалдық балалық шақтан басталады

  • 03.12.2016 at 03:12
    Permalink

    Достар, жарайсыңдар, жақсы істі бастапсыңдар. Алға!

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған