Баянауыл ауданында Халықаралық «РуханиСamp» жастар құрылтайы өтеді

Ағымдағы жылдың 23 шілдесі күні Баянауыл ауданында «РуханиСamp» Халықаралық жастар құрылтайы өтеді деп жоспарлануда. Шараны облыс жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастыруда.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметтеріне сәйкес, Павлодар облысындағы ерекше лагерьге қоғамдық жастар ұйымдары, жоғары оқу орындары мен колледждерінің белсенді студенттері, өнерпаз жастары, жастармен жұмыс істеу бойынша мамандары қатысады. Сонымен қатар, шараның құрметті қонағы ретінде жақын шет мемлекеттердің белсенділері арнайы шақырылып отыр. Көршілес мемлекеттерден шамамен 60 шақты жастар ұйымдарының көшбасшылары келеді деп күиілуде.

Құрылтайдың негізгі мақсаты – басқа мемлекет жастарымен тәжірибе алмасып, мәдени байланыс орнату. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасын дәріптеу, Баянауылдың қасиетті орындарын көрсету болып табылады. Құрылтайдың бағдарламасы бойынша қатысушыларды алты күндік оқыту, шығармашылық, мәдени-сауықтыру және экскурсиялық жұмыс күтуде. Алты күн ішінде жастар Баянауылдың қасиетті жерлерімен танысып, халықаралық деңгейде жұмыс жасау бойынша мол тәжірибеге ие болады.

Өз тілшімізден

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.