Бекболат Тілеухан Білім және ғылым министрлігін сынға алды

Жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері қаралған үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеухан жастар арасындағы бірқатар өзекті проблемаға тоқталды. Мәжілісмен бір агенттіктің жастарға қатысты жүргізген зерттеуінің нәтижелері туралы айтты.

“Зерттеуге сүйенсек, Қазақстандағы жастар жұмыс, кәсіп дегенде, оған өмірінің мәні ретінде емес, тек ақша табудың көзі деп қана қарайды. Ал негізі кәсіп адам өмірінің мәні болуы тиіс емес пе? Қазіргі жастардың ойы Астанаға келіп, мемлекеттік қызметке орналасу, яғни жастардың санасынан жасампаздық деген нәрсе кетіп бара жатыр. Жастар оқуға ынталы емес, көбі келешек мамандығын таңдаған кезде ағайын-туысқанның кеңесіне құлақ асады, жалпылама стеоретиптерді негізге алып, таңдай салады. Жастардың оқу процесіне формалды қарайтыны жасырын емес, әйтеуір бір диплом алсам болды деп қарайды”, – деді депутат.

Осы орайда Тілеухан ұрпақтар сабақтастығын алға тартып, жастар проблемасын еңсерудің бірнеше жолын көрсетті. Оның бірден бір жолы – ұлттық негізге, ұлттық кодқа оралу.

Жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері қаралған үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеухан жастар арасындағы бірқатар өзекті проблемаға тоқталды. Мәжілісмен бір агенттіктің жастарға қатысты жүргізген зерттеуінің нәтижелері туралы айтты.

“Зерттеуге сүйенсек, Қазақстандағы жастар жұмыс, кәсіп дегенде, оған өмірінің мәні ретінде емес, тек ақша табудың көзі деп қана қарайды. Ал негізі кәсіп адам өмірінің мәні болуы тиіс емес пе. Қазіргі жастардың ойы Астанаға келіп, мемлекеттік қызметке орналасу, яғни жастардың санасынан жасампаздық деген нәрсе кетіп бара жатыр. Жастар оқуға ынталы емес, көбі келешек мамандығын таңдаған кезде ағайын-туысқанның кеңесіне құлақ асады, жалпылама стеоретиптерді негізге алып, таңдай салады. Жастардың оқу процесіне формалды қарайтыны жасырын емес, әйтеуір бір диплом алсам болды деп қарайды”, – деді депутат.

 

Осы орайда Тілеухан ұрпақтар сабақтастығын алға тартып, жастар проблемасын еңсерудің бірнеше жолын көрсетті. Оның бірден бір жолы – ұлттық негізге, ұлттық кодқа оралу.

“Ол сенің генетикалық жадыңда қалып қалған дүниелер. Мысалы үшін жастар арасында миграциялық көңіл-күй қырық процентке көтерілді дейміз. Егер оның санасына жақсылап құйсақ, “ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне” дегенде адамда намыс ояна ма, оянады. Ажырасудың көбеюін айтып жатсыздар. Қазақ айтады “қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман” деп. Осыны санасына сіңіруге бола ма, болады. Бірақ, өкінішке қарай, Астананың оқушыларына “презерватив” таратып отырғанда, мыңқ етпеген Білім және ғылым министрлігінің иманды ұрпақ өсіруге бет бұратынына күмәнім бар. Десек те, бұл мәселені де қолға алу керек, бұл да біздің ұлттық кодымызда бар нәрсе”, – деді Тілеухан.

Сонымен қатар, депутат жастардың кәсіпке, еңбекке салғырттығына да тоқталды.

“Қазақта “тауып алған алтыннан, терлеп тапқан тиыным берекелі” деген сөз бар. Осыны не арқылы сіңіреміз? “Рухани жаңғыру”, “Ұлы даланың жеті қыры” арқылы сіңетін нәрсе. Биыл жастар жылында дәстүрге, ұлттық негізге, ұлттық кодқа бұрылу деген мәселеге тереңірек көңіл бөлуді ұсынар едім”, – деп қорытты сөзін мәжілісмен.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған