Бизнес бастамас бұрын алдымен осыны оқыңыз!

«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының ауыз толтырып айтарлық нақты пайдасы қандай, күрделі бюрократиялық терминдерді араластырмай, қарапайым тілмен айтқанда:

1. Тегін оқу, соның нәтижесінде жұмыс пен табыс беретін кәсіпке ие болу мүмкіндігі. Мемлекеттік бағдарлама аясында сіз бұл мамандықты 4 жыл бойы емес, үш-ақ айда меңгересіз (жеке өміріңізге және басқа да игі істерге деген уақыт көп болады).

2. Оқу барысында шәкіртақы және көлік шығындарына өтемақы төленеді.

3. 18 000 000 теңге сомасына дейін жеңілдетілген пайызбен (жылдық 6%-бен) өз бизнесіңізді дамытуға кредит алу.

Ол үшін сізге керегі:

Бағдарламаның көпшілікке арналмағаны белгілі.

Қазіргі таңда бағдарламаға өмірдің өтпелі кезеңіне тап болған жандар ғана қатыса алады. Біз бәріміз, тіпті, табысты адамдардың өздері де «бұлдыр болашақтың» осындай өтпелі кезеңінен өткен, мені бір қуантатыны, мемлекет осындай қиындықты еңсеріп, бақыт пен өркендеуге жетелейтін жолға нақты жол сілтеуді қолға алды.

Бағдарламаға қатыса алатындар:

Еш жерде оқымайтын, өзінің жаңа өсіп-өну жолын іздеп жүрген, жұмыссыз және өз атына ЖК ашпаған немесе бизнесін көп табыс алатын деңгейге жеткізуге мүмкіндігі болмай жүрген бейресми жұмыс істеп жүрген 29 жасқа дейінгі жастар.

Не істеу керек:

«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеген немесе одан үлгі алған адамдар осы бағдарламаны қолданысқа енгізіп, есі дұрыс адамға қажетті қолдау көрсетілсе, ол мүмкіндігінен айырылмай, өзіне де, отбасына да, достарына да, мемлекетке де пайдалы болатын табысты адамға айналады деп кәміл сенген.

Мен де осыған сенемін!

Сондықтан да әрекетсіздік пен әрекетсіздікті ақтау құрсауынан шығып, бақытыңызға қарай бірнеше қадам жасаңыздар деп өтінемін. Өздеріңіз, жақындарыңыз, қызығушылық үшін немесе түптеп келгенде, өз-өзіңізді аман алып қалу деген түйсік тұрғысынан осы істерді жасаңыздар!

Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығына 279 03 38 немесе +7747 240 8991 ұялы телефоны арқылы жүгініңіз.

Бағдарламаның өзіңізге немесе жақындарыңызға тигізер пайдасын біліңіздер.

Егер өмірде өз орнымды таптым деп ойласаңыздар, бұл ақпаратты өз орнын және өзінің мақсатын іздеп жүрген немесе идеяларын іске асыруға мұқтаж жандарға жіберулеріңізді өтінемін.

Бір-бірімізге өз орнымызды табуға көмектесе отырып, өмірімізді жақсартамыз, өмір сүру сапасын арттырамыз, бақыт, махаббат және құрмет сияқты ұғымдарға көп уақыт бөлеміз!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған