Биліктің құны жоқ

Ертеде Ақсақ Темір түрік әміршісі Баязитті жеңіп, оны тұтқынға алыпты дейді. Сол Баязитті Ақсақ Темірдің алдын алып келсе, оның денесі бір жағына қарай қисайып кеткен екен. Ақсақ Темір қарқылдап, шегі қатқанша күледі дейді. Сонда Баязит тұрып:

– Ей, Темір, жақсылық та, жамандық та бір Құдайдың қолында. Бүгінгі менің басыма түскен іс ертең сенің басыңа келмесіне кім кепіл?! – депті.

– Мен тағдырдың тұрақсыздығын сен айтпай-ақ білемін. Бақ пен даңқ жалғыз Жаратушыдан! Сенің қасіретіңе күліп тұрғаным жоқ, сені көріп маған мынандай бір ой келді, – дейді Ақсақ Темір. – Егер Алла Тағала сен және мен сияқты ақсақ пен қисыққа тақ пен тәж сыйлаған болса, онда Құдай үшін биліктің  де ешқандай құны болмағаны-ау осы!

Дайындаған: Амантай Тойшыбайұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған