“БІЛІМДЕР АЛАҢЫ” атты зияткерлік сайысы

2018 жылы 6 қараша күні Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы»КММ –нің ғимаратында, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Даму” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Елбасымыздың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың білімге деген құштарлығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында студенттер арасында өткен қалалық “БІЛІМДЕР АЛАҢЫ” атты зияткерлік сайысы өтті. Сайысқа Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ инженерия факультетінен «Ясауи тарландары» тобы мен Кентау гуманитарлық техникалық колледжінің «Болашақ» тобы қатысты. Тартысты сайыстың қорытындысы бойынша «Ясауи тарландары» тобы жеңіске жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған