Біріккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан: ширек ғасырда бағындырған белес

Тәуелсіз еліміздің  Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке  қабылданғанына биыл 25 жыл толып отыр. 1992 жылдың 2 наурызында мемлекетіміз Ұйымға  жаңа мүше  ретінде ғана емес, жаһандық мәселер бойынша өз ұстанымы бар ел ретінде енді. Осы жылдар ішінде Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікті ту еткен  ел ретінде танылды. Сондай-ақ, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақы емес мүшелігіне сайлануы да мемлекетіміз үшін мәртебелі міндет пен құрмет. Әрине, Кеңеске мүшелікке  өту үшін еліміз аз жұмыс жасаған жоқ. Сондықтан біз бүгінгі биігімізді айтпас бұрын, ең алдымен өткенге көз жүгіртсек.

Қауымдастыққа жасалған алғашқы қадам

Жалпы еліміздің  дипломатиялық тарихы әріден бастау алады. Кеңес Одағы тұсында  Қазақстан дипломаттары Біріккен Ұлттар Ұйымының ішкі және сыртқы жұмыстарына белсене араласқан. Сол кездегі Сыртқы істер министрі Балжан Бөлтірікова БҰҰ-ның 1968 және 1970 жылдардағы сессия жұмысына  Кеңес Одағы делегациясы құрамында қатысуға мүмкіндік алды. Кейін келе, 1982 жылы Ұйымның  мінберінде Сыртқы істер министрі Михаил Есенәлиев сөз сөйледі.

Ал Қазақстан жаһандық аренада жаңа Тәуелсіз мемлекет ретінде 1992 жылы көрінді.  Өзге елдермен өзара тең қытынасқа түсе алатынын ғана емес, халықаралық мәселерге қатысты қауымдастыққа қаратып айтар ұстанымы бар ел ретінде өзін дәлелдеді. Нәтижесінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясының пленарлық мәжілісіндеҚазақстан ресми түрде мүшелікке қабылданды. Қабылдау рәсімінде Ұйымдағы еліміздің ең алғышқы елшісі ретінде Ақмарал Арыстанбекова таныстырылды.

Салатанатты рәсімнен кейін БҰҰ штаб пәтерінің алдында Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің Туы көтерілді. Бұл көк байрағымыздың халықаралық саяси аренадағы алғашқы биіктеген сәті  еді.

410

Елбасының бағдарлы  бастамалары

Халықаралық қауымдастыққа енгеннен кейін еліміз өз алдына стратегиялық бағыттар қойды. Әсіресе, Елбасының көрегенділігі мен сарабдал саясатының арқасында  мемлекетіміз нақты ұстанымын көрсетті.

Бас Ассам­блеяның 47-сессиясында Ұлт көшбасшысы  Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­станның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты ұсынды. Оның бірін­шісі –«бір плюс бір» формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік   қорын құру. Яғни, бұл жүйе арқылы әрбір мемлекеттің   қорғаныс бюджетінің бір пайызын бөліп, он жылда бітімгершілік сомасын он есеге ұлғайту еді. Екінші ұсыныс – Азияға  өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көп­ші­лік елдер тарапынан  қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқын­дауда айтарлықтай рөл атқарды.

Бұдан кейінгі, Қазақстанның Ұйыммен ынтымақтастығы тари­хындағы басты шаралардың бірі – БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның елімізге келген  ресми сапары болды. Бас хатшы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен онжылдық ынтымақтастығының нәтижелерін бекітіп, ықпалдастықты кеңейте түсті.

Халықаралық қауымдастық Жарғысын мүлтік­сіз орындау негізіндееліміздің  Азияда өзара сенім шараларын орнатуы, Еуразия кеңістігінде интегра­циялық үрдістерді нығайтуы, өркениеттер мен діндерді бір ортаға тоқыстыруы да  үлкен саяси мәңге ие болды.  Әрі  Ұйым Жарғысының ұстанымдары мен мақсаттарына сәйкес атқарған істерінің нақты көрінісін көрсетті.

Сонымен қатар, еліміз Ұйымның бітімгершілік қызметін қолдай отырып,  «бітімгершілік батальонын»   құруы әрі осы батальон сарбаздарының Иракты тұрақ­тандыру күштері қатарында қыз­мет етуі көпке үлгі болғаны ақиқат.

Ал Елбасы өз кезегінде Ұйым мен оның  мамандандырылған меке­мелерінің мүмкіндіктерін Арал теңізінің тартылуы, Семей сынақ полигонындағы ядролық жарылыстар салдарынан табиғаттың ластануы, ауыз-су көздерінің тартылуы секілді техногендік және экологиялық апаттардың экономикалық және гуманитарлық салдарларын азайтуға мақсатты түрде пайдалана білді. Оған дәлел,  1992 жылдан  бастап елімізде БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің және қорларының  өкілдіктері жұмыс істеп келеді. Олардың қызметі техникалық, консультативтік және қаржылық көмек көрсетуге бағытталған. Бүгінде Қазақстанда  халықаралық қауымдастықтың  жиырмаға жуық ұйымының тіркелуі Елбасы беделінің анық көрінісі.

Қазақстанның ғаламдық ядро­лық қарусыздандыруға қосқан үлесін де ерекше атап өткен жөн. Себебі, еліміз қуаттылығы жағы­нан әлемде төртінші орындағы ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, бейбітшіліктіту еткен  ел екендігін танытты. Сонымен бірге, Қазақстан Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы шарт­тың белсенді қатысушысы болып табылады және оның тезде­тіп күшіне енуіне үнемі қолдау білдіріп келеді.

 Еліміз бұдан бас­қа да ауқымды іс-шаралардың ұйыт­қысы болуда. Мысалы, 2009 жылы Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыз­дан қарар қабылдап, 29 тамыз­ды «Халықаралық ядролық сынақ­тарға қарсы іс-қимыл күні»  деп жариялады. Сондай-ақ, есірткі бизнесі мен заңсыз есірткі айналымы саласындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастықтың дамуына да ерекше көңіл бөлді. БҰҰ осыған қатысты барлық негізгі конвенцияларды бекітті.

223-604x330

 Қазақстан БҰҰ конференциясында «Рио +20»  тұрақты даму бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жұмыстарына да белсенді қатысуда. Соның аясында «Жасыл» экономикаға көшу ұлттық тұжырымдамасы, энергетика, су, коммуналдық, ауыл шаруашылығы, өндірістік және биоалуантүрлілік секілді негізгі секторларда тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық бағдарламалар жасалды.

Бүгінде еліміз«ЭКСПО-2017»  халықаралық көрме­сіне  «Болашақ энергиясы» тақы­рыбын таңдауы да соның айқын көрінісі.

Тағы бір ерекше атап өтері, бүгінде  БҰҰ жүйесінің әртүрлі органдарында еліміздің жиырмадан астам азаматы қызмет етуде. 2011 жылы алғаш рет Тәуелсіз Қазақстанның және  Ұйым  тарихында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымына   Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағайындалуы, сондай-ақ Женевадағы Бас директоры және Қарусыздану конференциясының Бас хатшысы қызметін атқаруы  еліміздің  әлемдік қоғамдастық арасында зор беделге ие екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Адамзаттың үміті Азияда

Ал өткен жылы  Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының  Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігінесайлануыжаһандық  саясат сахнасындағы айтулы оқиға болғаны сөзсіз. Мұндай мәртебелі міндет 

елімізге сыртқы саяси және экономикалық серіктестіктерін  көбейтуге, халықаралық келіссөздердегі позициясын нығайтуға, жаңа байланыстарды реттеуге және дәстүрлі байланыстарды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретіні анық.

Бұдан бөлек, Кеңестің тұрақты  мүшелері  АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбритния сынды елдермен бірге ірі халықаралық жобалар мен бастамаларды көтеріп,  тығыз жұмыс жасау мемлекеттер арасындағы қарым-қатысанты нығайта түсетіні тағы белгілі.

%d1%81%d0%bd%d0%b3-%d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%b7%d0%b8%d0%b4%d0%b5%d0%bd%d1%82%d1%8b

Сондай-ақ, Қазақстанға  Ұйымның үш комитетін бақылау тапсырылып отырғаны да үлкен жауапкершілікті қажет етеді.Оның біріншісі – Ауғанстан мəселелеріне қатысты комитет болса,  екіншісі – ДАИШ жəне «Əл-Каида» террористік ұйымдарына қарсы күресті үйлестіруге бағытталған ұйым.  Үшіншісі – Эритрея-Сомали. Атап өтерлігі,  аталған  үш комитет те Ұйымдағы өте маңызды құрылымдар саналады. Сондықтан біз мұны елімізге көрсетілген зор сенім мен жауапкершілік жүгі ауыр міндет деп түсінуіміз қажет.

Осылайша,  Кеңес  мүшесі қызметінде еліміз Орталық Азия мен Ауғанстандағы мəселелерді  жіті бақылауға алғалыотыр. Мұнда терроризммен күрестен бөлек, экология, азық-түлік сынды өзге өзекті мәселелерде жетерлік.  Сонымен қатар,  соңғы жылдары  Елбасымыз бірқатар халықаралық бастамалар көтергенін көпшілік жақсы біледі. Соның бірі – 2016  жылы Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік саммитінде жария етілген «Əлем. ХХІ ғасыр» манифесі. Мемлекет басшысы сол манифесінде аса өзекті халықаралық мəселелерді айта келіп, олардың шешу жолдарын  көрсеткен еді. Еліміздің Кеңеске мүшелікке сайлануы  осы манифесте көтерілген мəселелерді жүзеге асыруға жол ашатыны анық.

Қалай дегенде де, енді Орталық Азиялық ауқымды аймақтың назары Қазақстанға ауып тұр. Жоғарыда аталған мәселелерден бөлек, еліміз күні кеше ғана Сириядағы  түйткілді жағдайларды тарқату мақсатында  БҰҰ мүшелерімен алғашқы кездесу өткізді. Ресей, Түркия, Иран мемлекеттерімен бірлесе өткен басқосуда  Сириядағы әскери іс-қимылды тоқтату, гуманитарлық көмек жеткізу сынды өзекті мәселер талқыланып, бірқатар шешімдер қабылданды. Осылайша, үлкен саясаттың төрінен орын алған Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы миссиясын бастады.

Дайындаған Саятхан Сатылғанов,

Жамбыл облысы

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған