«Бір баланы киінір» актциясы басталды

Елордамыздағы халық санының өсуіне байланысты, тұрмысында қиыншылығы бар отбасылар да көптеп кездесіп жатады. Қалалық әкімдіктің тіркеуінде тұрған мұндай отбасыларға, мемлекеттік мекемелер жағынан түрлі көмектер көрсетілумен қоса, қаладағы өзгеде қоғамдық ұйымдар мен қайрымды жандар әркез қол ұшын созып отырады. Осылардың ішінде Астана қаласына қарасты мешіттерде, жыл сайын тамыз айы туа, түрлі қайрымдылық шараларын өткізіп отырыу дәстүрге айналған. Биылғы жылдың қайрымдылық шарасын алғаш болып «Әзірет Сұлтан» мешіті бастады. Бірнеше жылдан бері «Бір баланы киіндір» акциясын ұйымдастырып келе жатқан мешіт әкімшілігі, бұл шараға жылдағыдан бірнеше күн бұрын дайындалыпты. Осы актцияға жауапты Нұрқанат Нұрдәулетұлы өздері қолға алып жатқан сауапты істері туралы қысқаша айтып берді. «Бірнеше жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл акция негізінен жағдайы төмен отбасылардың балаларына қажетті дүниелер алып беріп, олардың мектепке алаңсыз баруына жағдай жасауды көздейді. Мұнда бір балаға қажетті заттар: мектеп формасы, мектеп сөмкесі және оқу құралдары. Сауапты іске атсалысқысы келген әрбір адам, өз еріктерімен жоғарыда аталған заттарды бізге әкеліп тапсырады, немесе қаржылай көмек беруіне болады. Жиналған қаражатқа жоғарыда аталған заттарды сатып алып береміз, немесе азаматтардың алып келген бұйымдарын балаларға таратып береміз. Біздің мешітте қалалық әкімшіліктен алған тізімдігіміз бар, оған қосымша, отбасында қиыншылығы бар адамдар өздер ікеліп өтініш жасап жатады. Актция осы адамдарға қол ұшын беруді көздейді. Осы игі істің нәтижесінде 2014 жыл – 256 бала, 2015 жыл – 267 бала, 2016 жыл – 221 бала киінді»- деді. Актция тамыздың соңына дейін жалғасатын болады.

Ерқазы Сейтқали 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған