Бір-біріне ұқсайтын ерлі-зайыптылар мынаны біледі ме?

Қазіргі таңда көп отбасылар ақша болса бақытты боламыз деп ойлайды. Ал нағыз бақыт түсіністікте, екі жанның үйлесімінде, ойларының бір арнада тоғысуында екенін ұмытып кетіп жатады.

       Шаңырақ шаттығының толыққанды болуына ер мен әйелдің маңызды міндеттерімен қатар ерлі-зайыптылардың ұқсастығы деген ұғым бар. Отбасы бақытының маңызды бір бөлігі де сол ерлі-зайыптылардың ұқсастығы болып табылады. Ұқсастық – рухани байланыс, түсіністік деген сөз.

«Ерлі-зайыптылар бір-біріне ұқсауы керек. Аяқ киіміңе қара! Егер біреуі қысса, екіншісі де ештеңеге жарамайды. Ал өзіңді қинап киер болсаң, ақсап жүресің» (Руми).

Ihsan.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған