Бір жігіттің мына бір оқиғасы бар ғой. Жігіт айтады:

-Ұзақ жерде оқуда едім. Анам ғана хат таниды, əкем онша хат танымайды. Хатты анам ғана жазатын, үйдің хабарын айтып тұратын. Сол кісінің хатын оқып тұрамын, үйдің жағдайын біліп тұрамын. Бір күндері хат саябырсып үзілді. Үйдің хабарын білейін деп телефон соқсам, үйдегілер айтты:

-Уайымдама, анаңның қолы тимей жүр. Ол бір жаққа сапарлап кетті. Анда тойға кетті, мында бір жиын бар. Ағайын-туыс қой, өзің білесің, – деді.

-Осылайша бірнеше ай өтті… Жылға жақындаған уақыт болды. Жыл болды. Бірақ хат сол күйі үзілді. Содан соң баяғы жазған хаттарды қайта оқуға кірістім. Баяғыыы. Соларды қайта-қайта оқимын. Үйдің хабарын жаңадан білгендей жүрегіме жылулық іздеймін. Оқудан қайтамын деп бел буып əкеме қайтадан телефон соқсам, əкем айтты:
-Не болды? Оқуың тəмəм болды ма?
-Йə, болдым.
-Онда тезірек қайтсаңшы үйге, – деді.
-Енді тағы да алты ай жүрсем ғой. Мынау оқуымды оқып бітірдім, бірақ үлкен бір ғұламалардың қолында жүр едім, сол кісілердің батасын алып қалсам екен, – десе, əкесі айтыпты:

-Мен саған бір ақиқат айтайын. Анаң о дүниелік болды, бірақ сенің оқуың үзіліп қалмасын деп, сен оқуыңды бітіргенше бізге “айтпа” деп өсиет етіп кеткен еді. Сен оқуыңды бітіргесін, мен уəдемде тұрып, саған айтып жатырмын. Бір жылдан асып кетті, анаң өмірден өтіп кетті, – деді….. (((

-Содан үйге қарай жиналдым, күнім қара түн болды, түнім ұйқысыз болды. Үйге барсам, анамды таппайтынымды білдім. Анау баяғы жазған хаттарды қайта-қайта оқимын. Соны оқыған сайын анамды көз алдыма келтіремін. Күлгені, басымнан сипап еркелеткені, жанымда отырып құптаған сөздері, айтқан ақылдары құлағымнан жаңғырып кетпей қойды. Сол хаттарды қолыма алсам болды, сондай бір дүние астан-кестең болады.

Махаббат па? Баланың анаға деген махаббаты… Сол жігіт айтады:
-Расында да бүкіл əлемнің сұлуын жинап қойса да, сол АНАМНЫҢ күлкісіне татымайды ғой, – деп..
—————————————-

Ұстаз Арман Қуанышбаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған