Бір түрлі жігіт

Пойыздың жүргені сол еді, ол желдің лебін сезіну үшін терезеден қолын шығарды да, қуанып:

-Әке, көрдің бе, ағаштар артта қалып барады! – деп айғайлап жіберді.

Қарт үндеместен жымиып қойды.

       Оларға қарсы отырған ерлі-зайыптылар 25 жасар жігіттің жас баланың қылығын істеп жатқанына таңдана қарады.

Жігіт тағы да:

-Әке, көрдің бе, көл…бұлттар…– деп шаттанды.

       Әйелі мен күйеуі жігіттің мұнысына таң қалып бір-біріне қарады. Ал әкесі үндеместен байсалды күйде отыра берді.

       Жаңбыр жауа бастады. Тамшылары жігіттің қолына тамып еді, ол қатты қуанып аспанға ұзақ қарап тұрды.

       Жұбайлар мұны көріп қартқа көмектескісі келіп, жалынышты жүзбен:

Сіз балаңызды дәрігерлерге апаруыңыз керек сияқты, – дейді.

       Әкесі: Иә. Ауруханадан қазір ғана қайтып келеміз. Бүгін баламның көзі өмірінде бірінші рет көре алатын болды… – деп жауап береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған