Бітпейтін комиссия 

Қазір,

Комиссиялардың заманы
Комиссиялардың амалы..
Үйренгеніміз соншалық.
Келе жатса төрт кісі,
Комиссиялар ма екен деп қаламыз.
Енді мұны қараңыз:
Комиссиялар бізге,
Көктемде де келді.
Өткенде де келді.
“Дуэт” боп та келді.
“Трио” боп та келді.

Жолды,

Салынған мектептерді аралап көрді.
Кәне, осыдан не өзгерді?
Бір қызығы,
Комиссиялар кеткен соң.
“Жарамды” деген нысандар,
Шатырынан су кетіп,
Қазанынан бу кетіп,
Жарамсыз боп қалады.
Жолдар ойылып қалады
Осыған менің таңым бар.
Комиссиялардың,
Біз білмейтін тағы қандай заңы бар?
Ойлаймын да,
Сонда айналайын комиссиялар
Нысандарды аралап көреді ме,
Көрмейді ме?
Әлде пысықтар,
Мектептердің өзін көрсетпей,
Суретін бере ме,
Білмеймін!

Білетінім,
Бір фирмалар салады.
Бір комиссиялар “қабылдап ” алады.
Мейлі,
Бұл енді құрылыс қой.
Комиссиялар келе берген соң

Ауыл,

Бізде сол шіркінге үйреніп алдық.
Іс бастамай тұрып
Алдымен,
Тексертіп алғанымыз дұрыс қой.
Енді не жасасақ та,
Той өткізіп құда шақырсақ та,
Комиссияларды шақыра қоямыз.
Олар келіп өлшейді.
Мынау жетеді. Мынау жетпейді деп,
Мөр басып, кесіп пішеді.
Оларсыз ас ішпейміз,
Шай ұрттап қант та тістемейміз.
Әне, тағы да комиссия!
Бізге емес мектепке екен,
Өтіп кетті.
Және комиссия жетті.
Бізге екен!
Сонда бітпейтін,
Бұл не қылған миссия?
Әй, комиссия…!
©Ералхан Жылқыайдарұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған