БҚО әкімі «арқан тартқыш» Айбатырды арнайы сыйлықпен марапаттады

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің акт залында болған республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХІІ еңбек маусымының жабылу салтанаты кезінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Петропавл қаласында өткен «Мен чемпионмын» балалар спорттық жобасында арқан тарту сайысы кезінде жанкештілігімен көзге түскен Тасқала ауданы Шежін орта мектебінің 7-сынып оқушысы, «Жайық» командасының мүшесі Айбатыр Мырзабековті арнайы сыйлықпен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімі Криштиану Роналдудай аяқдоп шебері болғысы келетін жас жеткіншекке  футбол киімі мен допты, оған қоса жақсы оқысын деген ниетпен планшетті табыс етті. Осындай сыйлыққа ие болған Айбатыр өзінің еңбегін бағалаған өңір басшысы мен Ақ Жайық жұртшылығына ризашылығын білдірді.

20161111200823

Салтанатты жиын барысында мәлім етілгеніндей, Елбасы бастамасымен «Жасыл ел» қозғалысы құрылғаннан бергі 11 жыл ішінде елімізде 133797 гектар жерге ағаш отырғызылған. Осы мерзімде 235118 жас «Жасыл ел» жасақтарының мүшесі атанып, жасылдандыру мен абаттандыру істеріне белсене араласқан. Биылдың өзінде 700-ден астам жасақ республика өңірлерінде еңбек етті. «Жасыл ел» еңбек жасақтары іске кіріскеннен бері 50 млн. түп ағаш отырғызылған. Бұл – еліміздің одан әрі көркейіп, гүлденуіне қосылған үлкен үлес. Биыл «Отан ағаш» республикалық шарасы аясында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 мың түп көшет егілді. Осы мерейлі шараның Оралда 125 шырша көшетін егумен қорытындылануы – біз үшін де қуаныш. Мемлекет басшысы жастарға сенеді. Сондықтан олардың алдағы уақытта да алар асулары мол болары анық», деді Алтай Көлгінов  құттықтау сөзінде.

20161111200832

Жиында барлығы 11 аталым бойынша «Жасыл ел» еңбек жасақтарының үздіктері марапатталды. Салтанатты шара Қазақстан эстрада жұлдыздары қойған концертке ұласты.

 

20161111200837

20161111200842

20161111200850

20161111200856

Автор: Елжан Ералы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған