Ведомствоаралық жұмыс тобының жаңарған құрамдағы алғашқы отырысы

Ағымдағы жылдың 29 тамызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізілді.

​         Отырысқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Н.Жанназарова, жұмыс тобының мүшелері, қала және аудан әкімдерінің аппарат басшылары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының директорлары, қала және аудандардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандар, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ облыстық филиалының басшылығы қатысты.

​        Аумақтық департамент басшысы ең алдымен топқа жаңадан қосылған мүшелермен таныстырып, жаңа құрамдағы жұмыс тобына алдағы уақытта сәттілік тілеп, күн тәртібіне шығарылған келесі мәселелерге қысқаша тоқталып өтті. Атап айтқанда, 2019ж. 2-ші жартыжылдығына жұмыс жоспарын бекіту, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысын талқылап, ХҚКО қызметіндегі кедергілерді анықтау мәселелері шығарылды.

​         Н.Жанназарова «Бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді барынша қолжетімді ету. Осы мақсатта аумақтық департамент тарапынан тың бастамалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі өңірдегі түрлі мекемелерде, сауда орталықтары мен банк саласында тұңғыш рет өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылған болатын. Аумақтық департаменттің ендігі міндеті ведомствоаралық жұмыс тобы шеңберінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының қызметін бақылауға алып, ХҚКО тарапынан көрсетілетін қызметтерге сапалы мониторинг жүргізу»,- деген ұсынымын жеткізді.

​         Айта кету қажет, ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына тек қана мемлекеттік органдар өкілдері ғана емес, сонымен бірге қоғам белсенділері, кәсіпкерлер және де танымал блогерлер де енді. Отырыс барысында қоғам өкілдері де талқылаудан шет қалмай, өз ұсыныстарын ортаға салды.

​          Мәселен, қоғам белсендісі, «Қолжетімді құқық» қоғамдық бірлестігінің директоры Римма Утесбаева мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізуді күшейту және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын аудандағы қоғам белсенділерінің әлеуетін қолдану арқылы кең көлемде ашуды ұсынса, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы облыстық филиалының директоры Дайрабай Үсіпбаев денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін қызметтерді (жолдама алу, ауруханадан шығару парағын алу, т.б.) барынша электрондық форматқа көшіріп, қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау қажеттігін баса айтты.

​             Жалпы отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалына тиісті ұсынымдар беріліп, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, жаңарған құрамдағы жұмыс тобының мүшелері отырыста талқыға салынып, көтерілген мәселелелерді бірлесіп шешу қажет деген ортақ пікірге келді.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

                                                                  Маңғыстау облысы бойынша департаментінің

                                                                  баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған