Газдалған сусынның басты 6 зияны

Мынадай аптап ыстықта көшеге шықсаңыз, екінің бірінің қолынан кока-кола немесе газдалған сусын көресіз. Олардың жарнамалары да самсап тұр, өкінішке орай. Өкінішке орай дейтін себебіміз, газдалған сулардың ағзаға тигізер зиянында.
Сол зияндардың ғылыммен дәлелденген басты алтауына тоқталсақ (басты алтауы ғана…):
1. Семіздік. Коланың бір құтысы жарты келі салмақ қосуға сеп. Яғни, газдалған сусындарды жиі пайдалану семіздікке душар етеді.
2. Тістеріңізді құртады. Газдалған сусындардың құрамындағы көп мөлшердегі қант пен қышқылдар тіс эмалін бұзады. Әрі қарай басқа да тіс аурулары пайда болады.
3. Бүйрекке де зиян. Газды сусындардың құрамында фосфор қышқылы өте көп. Ол бүйректе тас жиналуға себепкер.
4. Жүрек-қантамырлары жүйесі аурулары. 1 құты газды тәтті сусын инфарктың пайда болу қаупін 20 пайызға арттырады. Сондай-ақ, жүрек жұмысына, қан қысымына кері әсер етеді.
5. Фосфор қышқылы ағзадан кальций, магний тағы басқа ағзаға қажетті минералдарды жуып тастайтындықтан, адамның сүйегі әлсіз, сынғаш болады. Артрит, остеопорозға шалдығуы әбден мүмкін.
6. Газды сулардың құрамында бисфенол-А деген компонент болады. Ол обыр ауруларының пайда болуына басты себепші. Сонымен қатар, репродуктивті функцияның бұзылуына апарып соғады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған