Германия павилоны

EXPO 2017 көрмесіндегі Германия- Energy on Track («Энергия – дұрыс жолда») ұранымен қатысып жатыр. Неміс павильонының «Болашақ қаласы» атауына ие болған экспозиция бөлімінде адамдардың күнделікті өміріне жаңа энергетикалық саясаттың ықпалы сөз етіледі. Көлік пен тұрғын үй салаларын жетілдіру мақсатында неміс өнеркәсібі мен ғылымы ұсынып отырған инновациялар мен шешімдер көрсетіледі. Экспозицияның бұл бөлімінде велосипедтер мен электромобильдер, энергия шығаратын «ақылды үйлер», және де энергияны алу үшін балдырға толтырылған қасбеттік панельдер жайында айтып береді. Пластмасса өндірудің жаңа әдісі таныстырылады.

Электр көлігінің әлеуеті. Жаңғыртылатын энергия көздерінен қуат алатын электрлік тарту күшіне негізделген көліктер – ауа райына зиян келтірмейтін жаңа көлік түрін шығарудың кілті. Мұнда лимузин, «Е формуласының» жарыс автомобилі және екідөңгелекті электр жетекті көлік құралдары, сондай-ақ қазіргі заманғы қуаттандыру жүйелері көрсетіледі. Экспонаттар неміс өнеркәсіп мекемелері мен ғылыми ұйымдарының электр көлігін жасап шығаруға жан-жақты қатысып отыратындарына әрі осы технологияның әлеуетіне көңіл аудартады.  Бұл жерге келуші саяхатшыларға құрылыс саласындағы парадигманың ауысқанын білдіретін, энергия тұтынудың жаңа «Тиімді үй плюс» (Effizienzhaus Plus) стандартына арналған экспонат сыртынан аударылған абстрактылы ғимарат болып көрінеді. Келушілер «Тиімді үй плюс» жаңа стандартына сай ғимараттың әрекет қағидасымен ішіне кіріп таныса алады. Энергиялық тиімділікті қамтамасыз етудің құрамдас бөліктері – қоршау және жабу құрылымы мен тұрғын үйлердің тарихта алғаш рет энергияны тұтынудан гөрі, оны көбірек өндіруге мүмкіндік беретін фотогальваникалық құрылғы туралы суреттер мен мәтіндер әңгімелейді. Германияның үлкен картасында энергиялық тиімділіктің жаңа стандартына сай келетін толық сипаттамасы бар 30 дан астам үлгілі жобалар көрсетілген.

«Ақылды үй» энергия тұтынуды төмендетеді. Келуші есік арқылы кіре алатын SmartHome экспонаты толықтай дерлік жабық кеңістікте орналасқан. Бөлмедегі қабырғаларда үйдің интерьері мен сол жерге тән заттар – терезе, кіржуғыш машинасы, асүйдегі жиһаз бен мұздатқыш, кофе жасайтын машина, ойын-сауық электроникасы бар қонақжай графикалық коллажда бейнелген. Саяхатшылар электронды кілт арқылы жеке нысандарды іске қосып, SmartHome жүйесінің жылыту, жарықтандыру, жалюзи қозғалысы, т.б. басқару туралы біле алады. Сондай-ақ келушіге осындай басқаруға күнделікті кететін энергия шығыны белгілі болады.

Балдырдан алынатын энергия. «Болашақ қаласы» экспозициясының бірінші бөлімінде балдыр биореакторының үлгісі көрсетілген. Бұл жерде келушілер «тірі қасбеттер» туралы толығырақ біле алады. Гамбургте салынған балдырға толтырылған мөлдір қасбеттік панельдері бар ғимарат мысалында балдыр биореакторының жұмысы – балдырды ағынды сумен қамтамасыз етуден бастап, олардың фотосинтез нәтижесінде өсуі, күннің жылы энергиясының қолданысы мен көбік түріндегі балдырды жинап алуға дейінгі барысы түсіндіріледі. Осы жоғары сапалы биомасса тамақ өнеркәсібі мен косметика өндедірісінде де қолданылады.

Пластмасса мен көмірсутек диоксидінің өндірісі. «Болашақ қаласы» экспозициясында пластмасса өндірісіне төңкеріс әкелетін, әлі зерттеу үстіндегі, тағы бір футуристикалық технология ұсынылады. Power-to-X атауына ие болған әдіс, мұнай мен табиғи газды қолданбай-ақ, су мен CO2-ден пластмасса өндірісіне қажетті негізгі материалдарды алуға мүмкіндік береді. Машина үлгісіндегі экспонат келушілерге инновациялық технологияның жұмыс істеу қағидасын түсіндіретін кішігірім кіріспе сөзден кейін, өз бетінше бір ғана батырманы басу арқылы виртуалды кеңістікте кез келген фигураны, тіпті, футбол бутсасын жасауға мүміндік береді.

Жаңа энергия саласындағы Германия жолы

Германияда энергетикалық төңкеріс (Energiewende) деп аталатын реформа 2011 жылғы шілде айында, энергетика саласында жаңа шаралар пакеті қабылданған күннен бастау алады. Олардың болашақ жоспары бойынша 2022 жылға дейін атом энергетикасынан толықтай бас тартуды және 2050 жылға қарай энергияның 80 пайызын Жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) алуды көздеп отыр. Көлік жасау саласының серкесі саналатын Германия, адамзат болашағына тіке қатысы бар жаңа энергиялы көліктерді жасауды да әлемдегі алғашқылардың бірі болып көш бастап келеді.  Audi,  Porsche, Volkswagen, BMW сияқты брендтерімен танылған компаниялар, қазірге дейін электромобиль немесе гибиридты көліктерін сан алуан нұсқаларын жасап шығарды. Мемлекет бұл саланың дамуын қолдау үшін 2016 жылы 120 миллион еуро қаражат бөліп, жаңа энергиялы көліктерді субсидиялайтындықтарын жариялады.

Өткен ғасырдың 90 жылдары Германия жел энергиясын дамытуды мемлекттік тұрғыдан қолдады бастап кетті. Соның нәтижесінде Германия әлемдегі жел энергиясының «базарына» айналды. Мұнда құрлықта және теңіз айдынына ораластырылған жел тирмендер меңзеледі. Немістер өндірген жел энергиясын өндіруге қатысты жабдықтар мен құрылғылар «неміс сапасын» дүниеге әйгілеп шыға келді. Мемлекет бұл саланы субсидиялауды 2005-2006 жылдардан бастап молайта бастады. 2000 жылдары Германияда эел энергиясы индустриясы саласында 50 ге тарта кәсіпорын жұмыс істесе қазіргі таңда, аталған кәсіпорындар өзара біріктірілу немесе үлкендері кішісін сатып алу сияқты жолдармен ықшамдала келе, тұтас ел көлемінде ENERCON, Nordex AG, Repower Systems GmbH, Winergy AG, Bosch Rexroth қатарлы 10 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Күн энергиясынан пайдаланып энергия өндіру саласы бойынша да Германияның жетістіктері дүниенің алдыңғы орнында тұрады. Бұл елдегі күн энергиясы саласының жалпы өндіріс көлемі Қытай сияқты елдерден көп төмен болғанымен, озық жабдықтар жасау мен «өндірілетін энергияның қоршаған ортаға барынша зиянсыз болуы» жақтарында «Германия жолын» қалыптастырып үлгерген деуге болады. «Жаңартылған энергия көздеріне өту бойынша Германияның жаңа саясаты» елдегі «таза энергия» өнідірісіне бағыт беріп келеді. Оныда елдің мұнай импортына тәуелділігін азайту, өндірілетін энергияның климатқа зиянын болдырмау сияқты жаңа нысана жатыр. Бұған «Жаңартылатын энергиялар заңының» атқаратын ролын қосқанда, бұл елдің «болашақтың энергиясына» шындап кірісіп жатқандығын байқау қиын емес. Осы заң күшіне ене бастаған 2000 жылдардан бастап жалпы энергия тұтыну көлемінде жаңартылатын энергияның үлесі 2000 жылғы 6 пайыздан 2016 жылы 32,3 пайызға дейін өскен екен. Алдағы меже 2025 жылға барғанда бүкіл ел көлемінде тұтынатын энергияның 40-45 пайызы жаңартылатын энергия көздерінен өндірілуі тиіс.

Германияның «орта азиядағы ең маңызды серіктесі»

Германиямен Қазақстан ширек ғасырдан бері дипломатиялық қатынас орнатып келеді. «Германия үшін қазақстан Орта Азиядағы ең маңызды серіктес» (Германия сыртқы істер министрінің сөзі) болып келеді. Қазақ елінен Германияға мұнай, темір мен болат, химия өнімдері жеткізілсе, немістер бізге машина, электр жабдықтары, химиялық бұйымдар, автокөліктер мен оның қосалқы бөлшектері фармацевтикалық өнімдер шығарыды. Ғылым-білім саласында да екіжақтылы әріптестік орнатылған. Тақырыпқа арқау болып отырған жаңа энергия саласында да екі ел арасында ынтымақтастық жалғасын табуда. Қазақстандағы жалғыз жел электр станциясы «Ерейментау 1» тұтастай Германияның көмегімен іске қосылды. Қазақ елінің астанасында тұңғыш рет өткізіліп отырған «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне немістер айырықша назар аударып, өздерінің таңдаулы өнімдері мен, озық тәжірибелерін ала келді. Дамушы елдер санатына кіретін қазақ елі, тәбиғи байлықтарға аса бай болғанына қараматстан «боашақтың энергиясы» саласына да көңіл бөле бастады. Алдағы уақытта қос елдің арасындағы әріптестіктің негізінде талай тың жобалардың жүзеге асырылатыны шындық.

Ерқазы Сейтқали

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған