Дауға ұласқан – даталы тойдың сыйақысы!

Алқымнан алған қымбатшылықтың әсерінен, бүгіндері халықтың жүйкесі жұқарып бітті! «Аш адам ұрысқақ – Ауыру адам тырысқақ»,-деп бұрынғылар бекерге айтпаса керек. Тапқан табыстары күнделікті күнкөрістеріне жетпей, дағдарыстан дағдарып жүрген халықта қандай көңіл күй болмақ?! Әйтеуір «Қайғысыз қара суға семіреді»-нің кебімен, әркім отанының тыныштығы мен отбасының амандығына тәуба қылып, «көмпіс қазағымның» күйбің тірлігімен күнелтіп жатқаны белгілі…

Тәуелсіздіміздің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында дәрігерлерге, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, әлеуметтік жұмысшылар мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға мемлекетіміз ақшалай сыйақы үлестіретін болыпты деген хабарды естіген халықтың, билікке деген іштей ризашылығы зор еді. Алайда, бұл қуаныштары ұзаққа созылмай-ақ, әркімдерге тәтті түс көріп оянғандай әсер қалдырып ғайып болды. Соның кесірінен үкіметтен сыйақыға дәмелі мыңдаған адамдар «Ала қойды бөле қырыққан» үкіметке наразылықтарын жеткізе алмай әлек! Шын мәнінде халықтың бұл наразылығы өте орынды! Айталық, әр облыс өз бюжетінен үнемделген, немесе мүмкіндігімен өз тұрғындарына осылайша бір реттік сыйақы үлестірулері керек екен. Алайда, өкінішке орай бұл мәселе жоғарыдан облыс әкімдеріне міндеттелмеген!

%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%b1%d0%b5%d0%ba Соған қарамастан Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырза бюжетті оңтайландырудың нәтижесінде үнемделген 123 миллиард теңгенің 6,2 миллиард теңгесін Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматылық дәрігерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер, әлеуметтік жұмысшылар, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен делінген 114 мың 300 адамға сыйақы ретінде беруге шешім қабылдаған.

15571214_608578662658598_1824862698_nАл, осы игілікті бастаманы жалғастырған Астана әкімі Әсет Исекешев мырза Астана қаласындағы бюджеттік мекемелердегі 39 мың қызметкерге 2 миллиард теңгеге жуық сыйақы, және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларға саяси репрессияның құрбаны ретінде 70 мың теңгеден беруге шешім қабылдап қала тұрғындарының ықыласына бөленді. Ал ресми деректерге сүйенсек өзге облысьарда әзірге мұндай шешімнің жоқтығы тұрғындарының наразылығын тудыруда! «Алалағаннан алауыздық туады» -деген осы! Бір реткі мұндай сыйақы ретіндегі көмекпен ешкім қабырғасын жауып қарық болмаса да, бір қажеттіліктерін өтеуге бұл да үлкен мүмкіндік екенін ескерсек, тұрғындардың наразылығы әрине өте орынды! Қазақта: «Өзі ауырмағанның құдаймен ісі жоқ», -деген бір тәмсіл сөз барды. Осындай игілікті іске салғырт қарап отырған облыс әкімдері бүгінде орташа есеппен 670 мыңнан 970 мың теңге аралығында айлық еңбекақы алатындығы құпия емес! Жоғарыдағы сыйақыға зәру жандардың айлық табыстары 40 тан 50 мың теңге аралығында екенін ескеріп салыстырмалы түрде есептеп қарасақ, бұлар сол әкімдердің бір айда алатын еңбекақысын бір жыл сегіз ай еңбектеніп жүріп әзерге алады деген сөз! Бұл сөзіміз әкімдеріміздің еңбекақысы жоғары деген қызғанышты білдірмейді. Тек, өздерімен өзгелерді де бір кезек салыстырып ойласа ғой деген ұсыныс ғана. Игілікті іске деген пейіл болса, қазіргі уақытта қай облыстарда да мұндай мүмкіндіктер баршылық. Сол үшін де облыс әкімдері тәуелсіздігіміздің ұлы мерекесі қарсаңындағы мұндай игілікті істі жалғастырса екен дейміз!

БАҒДАЛ АҚЫНҰЛЫ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі 

 

13 thoughts on “Дауға ұласқан – даталы тойдың сыйақысы!

  • 14.12.2016 at 18:18
    Permalink

    Тәуелсіздік мерекесі қазақ үшін өте бір қәстерлі мереке. Осы мерекеде беріледі екен деген, сыйақы мәселесі көптен бері сөз болып жүр еді.Егер қағыс естімесем әр азаматқа 25 жылдыққа орай 25 000 теңгеден деп естігем. Қалай десекте халықты қуантқысы келіп талпынып жатқан азаматтарға рақмет. Ал үнсіз қалғандарды ойлағанда,Шаншар әзіл-сықақ театарының “Бізде ондай нәрсе жоқ секілді, үн-түнсіз тұра бер” деген қойылымын еске түсіреді екен.

    Reply
  • 14.12.2016 at 19:06
    Permalink

    Орынды сөз. Бізде Повлодарлык жедел-жәрдем фелдшерлерге 6 мың жүргізушілерге мыңнан аударыпты. Қалай жұмсарымызды білмей отырмыз

    Reply
  • 14.12.2016 at 19:06
    Permalink

    Қостанайлық шнобніктер мүлдем ауыз ашпайды! Өздерінен аспай жатқан шығар!

    Reply
  • 14.12.2016 at 22:30
    Permalink

    Естігеніміз болмаса көрмедік. Бастықтар сен тимесең мен тимеймін, -деп отырған шығар..

    Reply
  • 14.12.2016 at 22:31
    Permalink

    Аты халыққа, заты сол баяғы биліктегілерге, қызығын өздері көреді дағы

    Reply
  • 14.12.2016 at 22:56
    Permalink

    Бұл жеудің тағы бір жолы болу керек. Өле жегенше бөле жеген жақсы ғой, …Ат төбеліндей азғана ұры тоятын болды емес пе..

    Reply
  • 16.12.2016 at 10:59
    Permalink

    Әділдік жоқ, әділдік болса халықты алалап бөлмей аздан болса да бәріне бермей ме. Сыйақысын да сыйлығын да өздері бөлісіп алып жатыр емес пе, ұятсыздар бір уақ халыққа да көңіл бөлу керек қой..

    Reply
  • 16.12.2016 at 11:00
    Permalink

    Иә ағай, мұныңыз орынды. Бұған халық аз да болса разы болып қалар еді ғой.

    Reply
  • 16.12.2016 at 22:21
    Permalink

    Мақалама ой пікірлеріңізді білдірген баршаларыңызға көп рахмет! Кейбір оқырмандардың ФК-тегі нұсқасына жазған пікірлері мұнда қалыс қалып жатыр. Оны осында жібергенмен кейде қабылданбайды. Сол үшін оқырмандар өз пікірлеріңізді әдейілеп осында жазуды ұмытпаңыздар! Тәуелсіздік мерекелеріңіз құтты болсын, ағайын!

    Reply
  • 17.12.2016 at 05:28
    Permalink

    Ағажаным мақалаңызды оқыдым.!
    Өте керекті ақпарат екен.
    Атамекенде- əділет жоқ, жемқорлық көп дегеннің айқын айғағы!.
    Жоғарыдан қаншама шешім қабылданса да,орта чиновниктердің қолына түскен ақша, орта жолда жемқорлардың қалтасына түсіп , із түссіз жоғалып кете беретіннің бір айғағы!!!
    Халық- көнбіс, Демократия аты бар , заты жоқ!
    Жемқорлық етегін кең жайып алған бір еліміз!

    Reply
  • 19.12.2016 at 21:56
    Permalink

    Бағдал аға, Алла разы болсын. Өте дұрыс мәселе жазыпсыз. Біздің әкімдік бюджет мұғалімдерге 5000 теңге садақа беріпті. Сұмдық.

    Reply
  • 28.12.2016 at 10:24
    Permalink

    Толықтай қосыламын…! Мен жуырда Шығыс Қазақстан облысының шалғай ауданыңда болып келдім…!! Бастаушы мектепке сабақ беретін қарындасым мектептен шықпайды облыстан комиссия келе жатыр деп…. Сонда алатыңдары 50 мың теңгенің ар жақ бер жағы…. Сол мұғалімдер де 25 мың теңгеден береді екен деп қуанып отыр еді… Сол ақша да берілмедi…..

    Reply
  • 27.01.2017 at 16:03
    Permalink

    Бай – байға, сай – сайға деген ғой. Қарапайым адамға үкіметке және билікке сенуге болмайды. Себебі олармен салыстырғанда сен тым әлсізссің, сол себепті өз күніңді өзің көруге тиістісің. Бұл даладан талай патша да, билік те, жау да өткен. Олар қайда? Құмға сіңгендей ізсіз-түзсіз кетті, ал халық қала берді. Олардың “подачкаларына” ауыздарыңды ашпай ақ қойыңдар, намыс керек!

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған