Notice: Constant WP_DEBUG already defined in /var/www/www-root/data/www/minialgo.kz/wp-config.php on line 52
Депутаттар министр Тамараға неге шүйлікті? – “ЕлАна” әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты

Депутаттар министр Тамараға неге шүйлікті?

Үкімет отырысында мәжілісмендер Қарағандыдағы кеншілер мәселесін шеше алмаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға қатты шүйлігіп, оны сынның астына алды.

Халық қалаулыларының айтуынша, министр Қарағандыдағы кеншілердің жанайқайын тыңдап, мәселенің анық- қанығына жетудің орнына, оны «жылы кабинетте» отырып шешуді ұйғарыпты. Жиында ащы даусы жиі шығатын депутат Владислав Косарев:

«Бізде түрлі санаттағы қақтығыстарды реттейтін заң бар, бірақ оны орындайтын ешкім жоқ. Қандай жағдай болса да, заңға сүйенуіміз керек қой. Алайда біздің Үкімет оған асығатын емес. Мәселен, Қарағандыдағы шахтерлер мәселесін өз көзімен көріп, кеншілердің жанайқайын тыңдаудың орнына, Тамара Қасымқызы ереуілді кабинетте отырып шешуді жөн көріпті. Негізінде  кеншілерді ереуілге шығуға итермелеген «АрсилорМиталл Теміртау» компаниясы да жауапқа тартылуы тиіс. Кеншілер Тәуелсіздік күні, яғни мейрам күндеріне дейін ереуілді тоқтатады деген сенімдеміз. Десе де, мереке күндері аяқталған соң, олар бұл әрекеттерін қайтадан жалғастыруы мүмкін.

Шахтерлер қазір «АрсилорМиталл Теміртау» компаниясынан жауап күтіп отыр, ал олар қимылдайтын емес»,— деді.  Депутаттың бұл пікіріне олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен Азат Перуашев та қосылды. Олардың уәжі: «Орын алған жайтты ушықтырмай, оны тез арада шешу қажет»,— деуге келіп саяды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған