Димашқа арнау

Димаш, Димаш,

Димашжан – əн бұлағым,

Саған тосып тұр, əне,таң құлағын.

Кеудеңде сенің жұмбақ бар бұла мұң.

Сен деген əнге айналған жүрексің ғой,

Жан қарағым, бар ма амалың?!

Жұмақтан жол тартады самғап əнің.

Жылаған жүрегімде періштем бар,

Ел едік тағдырынан көп ішкен зəр.

Кеудеңде бір жылау бар,

Мың бұрау бар,

Қыздырған бұлбұлым-ау əн базарын.

Жүрек-сəуле, жүзің-нұр, балдан əнің.

…Таң қаламын!

(Жан қарағым)

Бұл əлем əнге айналды сеніменен.

Жұмыр жер тірілді ме, өлі денең?

Патшасы-əн құдірет бар даланың.

Жыласын барлық əлем бір жүрекпен,

Сұлудай ғашықтықтан дір-дір еткен.

Қазақ деген халықтың баласы едің,

Төрін-əн, төрт құбыласын жыр күзеткен.

Салғандай бар ғасыр əн, таңға асығам,

Əн жылатқан жүректің лəззатынан.

Əлем бір сəт ес жиып елжіресін,

Айтайын енді несін, мөлдіресін.

Əнімен тербетсін деп. дұниені,

Салған-ды кеудесіне Алласы жан.

Өмір бер бұлбұлыңа жаным Алла,

Тұлпарды жыға көрме тағы жарға.

Жұмақтан жеткен дауыс жылатсын бір,

Адамды адам сүйіп, сағынарда.

©Сабыр Адай. 03.05.2017
Ақтау қаласы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған