Димаш Құдайберген: Мен үшін ана тілім қымбат

Лондондағы концертінде шетелдік жанкүйерлеріне қазақ тілін үйреткен Димаш Құдайберген Әкім Ысқақтың ана тіліне арнаған жантебірентерлік өлең жолдарын жариялады.

“Қымбат маған ана тілім, бал тілім, Қымбат маған дана тілім, ар тілім. Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма, Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар, Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар. Қасиетті менің ана тілімде, Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Өлең-жырмен арайланса, тау күліп, Ардақтымды жырлап өтем ән қылып. Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын, Жалғастырып жаза берем мәңгілік”, -деп жазған ол.

Бұл жазбаны көрген оқырмандар “Димаш-Қазақстанның мақтанышы”, “Еліміз бен тілімізді танытып жүргеніңе рахмет!”,- деген пікірлер қалдырған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған