ДҮНИЕДЕГІ БЕС НӘРСЕНІҢ ҚАСИЕТІ

Хазіреті Омар (р.а.) дүниедегі бес нәрсенің қасиетін айтып былай бейнелеген екен: «Көп сырластарды көрдім, бірақ тілімді сақтаудан артық сырлас таппадым. Көп киімді көрдім, бірақ тақуалықтан артық киім таппадым. Көп мал-мүлікті көрдім, бірақ қанағаттан артық малды көрмедім. Жақсы істің көп түрін көрдім, бірақ насихаттан артық жақсылық көрмедім. Көп тағамдардың дәмін таттым, бірақ сабырдың дәмінен тәтті дәм таппадым».   Түйін: Тақуалық – мұсылманның қорғаны.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ  
Толығырақ: http://kazislam.kz/gibratty-angimeler/item/14547-d-niedegi-bes-narseni-kasieti

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған