Дүниеден өткен ата-анаңа ТӨРТ жолмен жақсылық істе!

Сахих хадистерінің бірінде:

«Біз Нәбидің (с.ғ.с.) жанында тұрғанымызда бір кісі: «Я, Рассуллаһ (с.ғ.с.), ата-анам қайтыс болғаннан кейін оларға жақсылық істеудің жолы бар ма?» – деп сұрапты.

Ол (с.ғ.с.):

«Йә, бар. Қайтыс болған ата-анаңа ТӨРТ жолмен жақсылық істесең болады:

– олар үшін дұға етіп күнәлары үшін жарылқау тілеу,

– орындай алмай кеткен уәделерін орындау,

 – достарын құрметтеу,

– ата-анаңды себепші етіп, олардың туыстарымен қатынасты үзбеу» – деді».

Осы ой ендігі бір хадисте былайша жалғасын табады:

«Жан тапсырысымен пенденің барлық амалы тоқтап, тек үш амал өз жалғасын табады. Ол – жария садақа, үйреткен пайдалы білім, артта қалған ізгі ұрпақтың дұғасы»

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған