Д.Мыңбай: Музей – келіп-кететін көрме орны емес!

2013 жылы 12 қыркүйекте «Қазақстан ZAMAN» газетіне «Қар шаңғысы – қазақтың төл туындысы: Десек те, ұлттық мұрамыз қолдауға зәру» атты журналист Нағашыбай Қабылбектің img_0072мақаласы шыққан болатын. Содан бері мінеки төрт жылға жуық уақыт өтіпті. Алтайда img_0075туып-өскен қандас бауырымыз, Қытайдың қысқы спортында өзіндік қолтаңбасы бар шаңғышы Мұрат Ақатай сол кезде атажұртына қазақтың төл туындысы болған қар шаңғысын ала келген болатын. Оның тарихын өзгеден терең білетін спортшы аталмыш газетке арнайы сұхбат та берді. Кейін «Ел Анасы» атанып кеткен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы апамыз енді ғана бой көтеріп, есігін айқара ашуға дайындалып жатқан ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбайға М.Ақатайды ертіп апарады. Инфрақұрылымы енді ғана жасақталып, жәдігерлер сұрыпталып, ретімен өз орнына жайғасып жатқан уақытта барғандықтан мұндай «құнды мұраны» Дархан мырза кейін әкелуін өтінеді. Сөйтіп, көп ұзамай Ұлттық музей ашылады, бірақ Қытайға қайтып кеткендіктен, ашылу салтанатына да, адам аяғы басылған шақта да Мұрат Ақатай ат басын кері бұрмайды. Дегенмен, қолындағы жылқының пұшпағымен қапталған тарихымыздан сыр шертетін қалыңдығы 10 см қар шаңғысын «Қазақстан ZAMAN» газетінің Астанадағы филиалы кеңсесіне қалдырып кетеді.

      Аманатты арқалап қалған Сәуле Мешітбайқызы әне-міне деп жүргенде төрт жыл уақыттың қалай зырғып өткенін байқамай да қалады. Жуырда ҚР Ұлттық музейіне жолы түсіп, Дархан Мыңбаймен кездесуге арнайы барған болатын. Мұрат Ақатай қалдырған тарихи жәдігерді музей басшысына өз қолымен табыстады. Құшақ жайып қарсы алған Дархан мырзаның ерекше ілтипатына дән риза болған ол:

-Қасиетті Жұма күнінде қандас бауырымыз, Алтайдың қазағы Мұрат Ақатайдың өзің жақсы білетін қар шаңғысын тарихымыздың жаршысы болған Ұлттық музейге тапсырып отырмын. Шыны керек, мойнымдағы бір міндеттен құтылғандай қуанып, сондай ерекше күй кешіп тұрмын,-деп ағынан жарылды.

img_0480

Ұлттық дүниетаным, ұлт тарихы десе бөрігін шешіп беруге даяр тұратын Дархан мырза да өз ризашылығын білдіре келе:

Музей тақырыбына қалам тербеп, бізде өткен шараларды жиі жазып жүрген сіздердің газеттеріңізге алғысым шексіз. Үнемі өзім жазылып, оқып тұрамын. Көпшілік баспасөзден музей туралы оқыса, оны «шақыру» деп түсінеді. Бірақ, әуелден бері айтып жүрмін, тағы да айтам, музей – көрме орны ғана емес, ол қоғамдық ойды қозғайтын жер. Қарап тұрсаңыз, осы шаңғының өзі инновация. Яғни, бабаларымыздың өз заманына сай инновациясының болғанынан хабар береді және қазіргі қазақтардың да кейін тарихта қалатын заманауи жабдық жасауына түрткі болады. Бір сөзбен айтқанда, әр дәуірдің өз ғалымы бар және құралы бар. Мәселен, күллі Еуропа жаппай қаруланып алған кезде бабаларымыз оларға қыл арқанмен шабуылдаған. Ал, қыл арқанды балтамен де шауып түсіре алмайсыз. Міне – инновация! Бабаларымыздың терең ойлап, сондай құралдар ойлап тапқанынан музей хабар беріп отырса, оған келушілер жәй ғана тамашалап, таңдай қағып, тамсанып қана қоймай, ойланып, содан нәтиже шығарудың маңызды екенін білсе екен,-деді.

img_0086
                                     «Қазақстан ZAMAN» газетінің Астанадағы филиалы, 4 қыркүйек 2013 жыл

    Бұдан кейін музейдің қорларды жинақтау, есепке алу және сақтау қызметі басшысының міндетін атқарушы Ұ.Садықова ағаштан жасалған, алды-арты жылқы терісімен қапталып, қайыс жібімен бекітілген, ұзындығы 163 см, ені 10 см, таяғының ұзындығы 185 см болатын қар шаңғысына арнайы хаттама толтырып, сақтау қорына жөнелтілді. Сөйтіп, бұл көне жәдігер ҚР Ұлттық музейіндегі экспонаттардың қатарына ресми түрде қосылды. Ал, ақжолтай жаңалықты «ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты арқылы жалпақ жұртқа жеткізген болатынбыз. Бұл туралы әлі күнге Қытайда тұратын Мұрат Ақатай да хабардар болып, өзінің дән риза екенін интернет арқылы жеткізіп, алғысын жаудырды. Сондай-ақ, 2007 жылы «Гиннестің рекордтар кітабына» қар шаңғысы ең алғаш Алтайда пайда болғаны туралы мәлімет тіркелгенін, Шыңжаң өлкелік үкіметі жағынан құрылған тәуелсіз комиссия қар шаңғының түп атасы қазақ ұлты деген шешім шығарғанын оқырмандардың есіне тағы бір мәрте салмақпыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған