Д.Назарбаева «Білім-Инновация» лицейлерінің ұстаздарына дән риза

Бүгін Дариға Нұрсұлтанқызы “Білім-Инновация” Лицейлерінің оқушыларын, Ұстазын және “Білім-Инновация” Қорының қызметкерін қабылдады.

Жақында ғана Бүкілресейлік информатика олимпиадасынан 204 команданың ішінен топ жарып жүлделі абсалютті бірінші орынды иеленген бұрынғы ҚТЛ жаңа атауы “Білім-Инновация” лицейлерінің оқушылары мен Ұстазы Исмайл Гесенге, Дариға Назарбаева алғысын білдіріп, оқушыларға ең керекті гаджеттерді сыйға тартты. Әрбіріне айпад (ipad) құралы мен аймак (imac) моноблок компьютерін сыйға тартып ыстық ықыласын білдірді. Жүлдегерлерге келешекте ел игілігіне қызмет ететін, елдің көкбайрағын биіктерден желбірететін, сапалы маман болып, аман болуларын тіледі.

2

Қор қарамағындағы лицейлердің оқушыларын, ұстаздарын, ата-аналарын жаңа жылдарымен құттықтап мерекелік лебізін жеткізді.

Исмайл Гесен мырзаның 20 жылғы Қазақстандағы еңбегінің нәтижесінде 400-ден аса олимпиада жеңімпаздарын (оның ішінде 134 xалықаралық деңгейдегі) дайындағанын естіп ол кісіге Қазақстанда тағы жүз жыл қалып, оқушылардан олимпиада жеңімпаздарын жетілдіре беруін тіледі.

1

Оқушылар өз кезегінде олардың осындай дәрежеге жетулеріне қолдау көрсетіп, жағдай жасаған Елбасынан бастап БЖҒ Министрлігіне, Әкімдіктерге, Білім Басқармаларына, РҒПО Дарынға және оқу орындарына алғыстарын жеткізді.

Кездесудің оқушыларға тың серпін беріп, үлкен стимул болғаны сөзсіз.

Нұрбол Төлебаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған