Еврей халқының нақыл сөздері

1. Кемелдік жоқ жерде əділдік жоқ.

2. Байлығыңды тіріңде бөліп бер, өлгеніңді ешкім күтпейді.

3. Өрттен қорғанамын деп суға секірме.

4. Кемелдік туралы көп айтудың өзі ақымақтық.

5. Қас жауың құлағанда қуанба, бірақ қолтығынан демеме.

6. Қожасы көп үйдің қонағы аш қалады.

7. Əрбір жаңа түскен келінде, ененің бір сипаты бар.

8. Кеш туған бала ерте жетім қалады.

9. Біреудің қайғысында бəрі ақылды.

10. Уəде мен сөз көбейген кезде шындық жоғалады.

11. Бір қарыз екі адамды ұйықтатпайды.

12. Жыртық қап ауыр болмас.

13. Егер құдай кедейді сүйсе, ол кедей болмас еді.

14. Егер қызғаншақтың көңілі түссе оған бақытсыздық келді деген сөз емес,

біреудің бақытты бола бастағанының белгісі.

15. Егер ақымаққа ақыл үйретіп отырған данагөйді көрсең, екі ақымақ көрдім деп есептеуіңе болады.

16. Жақсылыққа жауапты тез қайтар, ал жамандықтың жауабын кейінге қалдыр.

17. Үлкен көлеңке көрсете алатын кішкентай адамдар бар.

18. Құдай жүрегін жаралағысы келетін пендесіне көп ақыл береді.

19. Жел соққанда қоқыс бəрінен биігірек ұшады.

20. Ажырасқан екі адам бас қосса, төсекте төрт адам болып ұйықтайды.

21. Алдын болжамаған артта қалады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған