Елбасының Жарлығымен Астананың шекарасы үлкеймек

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың шекарасын өзгерту туралы қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар  Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып  өзгертілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған