Елбасы G20 саммиті аясында екіжақты кездесулер өткізді

Ақорданың ресми сайты Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өтіп жатқан G20 саммитіне қатысу аясында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев  бірқатар мемлекет және делегация басшыларымен қысқа келіссөздер өткізді деп хабарлайды. 

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен, Франция Президенті Ф.Олландпен, Германияның Федеральды канцлері А.Меркельмен, Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен, Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Д.Зумамен, Мысыр Президенті А.Сисимен, Сенегал Президенті М.Саллмен, сондай-ақ Аргентина Президенті М.Макримен әңгімелесті.

d9852c09672ad9af1b7af91518a35bd0

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Испанияның Премьер-Министрі М.Рахой, Италияның Премьер-Министрі М.Ренци, Үндістанның Премьер-Министрі Н.Модимен екіжақты ынтымақтастықтың түрлі мәселелері жөніндегі пікір алмасты.

a55bde000005d227d8bec640b66c4935

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті халықаралық ұйымдардың басшылары – Еуропалық кеңестің төрағасы Д.Тускпен, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры К.Лагардпен, Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңестің төрағасы М.Карнимен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының басшысы А.Гурриамен өзара іс-қимылдың кейбір жайттарын талқылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған