Елдіктің қадірі осындайда сезіледі…

Апат айтып келмейді, әрі оған ешкім де бөгет бола алмайды…

11Әлемдік өркениет, ғылым-білімнің даму шегіне жетті-ау десек те, оның ешқашан да игере алуы мүмкін емес бір ғана дүние бар. Ол – табиғи кездейсоқ апаттар. Бұл тек бір Алланың ғана құзырында. Адамзат баласына ажалы атып келмейтініндей, осы апаттар да еш ойламаған жерден келіп опат қылады. Міне, сондай апаттардың бірі Монголияның қазақтары шоғырланған Бай-Өлке аймағы орталығында шілденің 11-і күні болған жойқын сел болып отыр. Бай-Өлке аймағы Монголиядағы жалғыз қазақ аймақ. Монголияда 150 мыңдай қазақтар тұрады десек, бұл көрсеткіш Монгол халқының 5-ақ пайызын құрайды екен. Халықты қапы қалдырған бұл сел, Монголияның Халық Революциясы жеңісінің 95 жылдық мерейлі тойымен тұса-тұс келді. Кешқұрым батысынан үйірілген қошқыл қара бұлт әп-сәтте нөсерлетіп бұршақ төгіп, артынша шелекпен құйғандай нөсер жауынға ұласқан. Биік таулардың ортасындағы ойпаңға, әрі үлкен дарияның жағасына орналасқан аймақ орталығы жан-жақтағы сай-саладан құйған үлкен селдің астында қалды. Селдің жойқын болғандығы сондай, айналасы екі-ақ сағаттың ішінде 130-дай отбасының баспанасын құлатып, онда тұратын 700 -дей адамды үй-күйсіз қалдырып тынды. Апат салдарынан төрт жасар сәби мен бір ер адам құлаған электр тоғына соғылып қайтыс болғаны мәлім болды.

9  10

8  12

Жырақтағы қандас бауырларымыздың қабырғасын қайыстырған бұл жағдай бізді де бей-жай қалдырған жоқ! Еліміздің әр өңірлерінен қоғам белсенділері қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда. Олардың мақсаттары түгелдей жарылқап жібермесе де, көңілі күпті болған ағайынға демеу болып, «Көп түкірсе көл», -дегендей барынша көмек көрсету. Жалпы осындай табиғи апаттарға тап болған қайсыбір елге, оның халқына көмектесу бүгінде күллі әлем жұртшылығында жақсы қалыптасқан үрдіске айналуда.  Сол үшін де:

..Ойланып байқа мұндайда,
Қуаныш қайда, мұң қайда,
Көріктей үрлеп көрерсің,
Заманың көнсе ыңғайға,
Құм шөлмек тектес ғұмырың,
Қапыда бір күн сынбай ма?

Сыбызғы тең бе, сырнайға,
Тобылғы тең бе, ырғайға,
Уызға жарып өскен ұл,
Қазанның түбін қырнай ма?
Қайғысын, көптің тартпасаң,
Көк тиын құның тұрмай ма?… дегендей, жырақтағы қандас бауырларымыздың басына күн туған осындай қиын-қыстау сәттерде оларға көмек қолын созу, баршамыздың адамгершілік парызымыз болмақ!

Бай-Өлке жұртшылығының Ата-жұртына алғысы шексіз!

1

Аймақ орталығындағы орын алған бұл төтенше жағдай, аймақ жұртшылығының еңсесін түсіріп есеңгіретіп тастағаны белгілі.Әлемдегі күллі қазақтың ата қонысы һам қара шаңырағы ретінде, селден зардап шеккен қандастарымызға жәрдемдесу елдік парызымыз болмақ! Сол үшін де Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсимовқа Бай-Өлке аймағының халқымен жүздесіп, олардың басына түскен ауыртпашылыққа Ата-жұрты Қазақ елі ортақ екендігін, әрі еліміздің атынан көмек қолдау көрсетілетіндігін айтып жеткізуді тапсырды. Елбасының арнайы2 тапсырмасымен шілденің 14-і күні Бай-Өлкеге барған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатарлы Қазақстандық өкілдерді Бай- Өлке жұртшылығы аса жоғары құрметпен қарсы алды. К.Мәсімовтың бұл сапары көңілі даладай аңырап қалған жұртшылықтың көңіліндегі кірбіңді сейілтіп, қайғырған жұртшылықты жұбатып, жылағандарын уатқандай болды. Олай дейтініміз, жергілікті аймақ әкімшілігінің  алдын ала хабарлауы бойынша жұртшылық Қазақстандық өкілдердің келетінінен хабардар болатын. Халықтың 3осындай көңілі жарым тұста, әлем қазақтарының қара шаңырағы болып саналатын Қазақстанның бірінші болып назар аударып, көмек қолын созып жатқандығына, әрі Үкімет басшысының өзі келгендігіне аймақ жұртшылығы ерекше риза болып қалды. Бастарына іс түскен осынау қиын кезеңде өздерінің арқа сүйер ата-жұртынан іздеп келген ағайынға деген олардың алғыс ризашылықтары шексіз. Іс сапармен барған үкімет басшысы аймақ жұртшылығымен жүздесіп, оларға Елбасының ыстық сәлемімін жеткізе отырып, сел апатынан зардап шегушілерге қолдау ретінде қаржы бөлінетіндігін жеткізді.

«Өзіңді сыйлағанның құлы бол», -деген….

«Өзіңді сыйлағанның құлы бол», -деген қазақтың аталы сөзі барды. «Артқы айылдың батқанын, Иесі білмес ат білер, Ағайынның қадірін, Туғаны білмес жат білер»-дегендей, Бай-Өлке жұртшылығы бастарына іс түскен «Тары жол-тайғақ кешу» күндерде алғашқы болып көмекке жеткен Қазақстандықтарға зор ықылыс ілтипаттарын білдіре отырып, үкімет басшысы Кәрім Мәсімовқа оқа-зерлі шапан жауып, ақбоз сайгүлік мінгізді.

                           5  6

ТҮЙІН: «Әр қазақ менің жалғызым», -деп Сабыр Адай бауырымыз жырлағандай, бүгінде бөтен елде, бөгде ортада тұрып жатқан 5 миллионға жуық қандастарымыз, шынтуайтында біздің жанымыздың бір бөлігі деуге болады. Еліміздің көші-қон саясатының нәтижесінде бүгінде сол шеттегі қандастарымыздың бір миллионға7 жуығы Ата-жұртына оралып та үлгерді. Соңғы жылдары саябырлап қалған көші-қонымыз биылдан бастап қайта жанданып жалғаса бастады. Осы орайда көршілес Монголияның Бай-Өлке аймағында тұрып жатқан қандастарымыздың жағдайын өз көзімен көріп келген, әрі ондағы ағайынның Ата-жұртқа жетсек деген тілек ұсыныстарын ет құлағымен естіген үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мырза осы мәселеге ерекше көңіл бөлер деген үміттеміз. Шынайы ниет болса, ондағы апаттан үй күйсіз қалған 100 отбасының көлік мәселесін реттеп көшіріп алу онша қиынға соқпас еді. Сол отбасыларды әкеліп көші-қон заңнамасында көрсетілген облыстарға қоныстандырып, баспана беріп жұмыспен қамтамасыз етсе нұр үстіне нұр болар еді.

                                                           Бағдал Ақынұлы.

ҚР Журналистер одағының мүшесі

 

 

16 thoughts on “Елдіктің қадірі осындайда сезіледі…

  • 19.07.2016 at 15:28 +06
    Permalink

    Мақалада орынды пікірлер қозғалаған. Сонымен қатар ғаламторда осы мәселе жан-жақты талқыланды. Берілген көмек аз, Мәсімов тойға барған жоқ, оған ат-шапанның не қажеті бар еді дегендей сөздермен біраз жерге барып, қызыл кеңірдек болып қалғанымыз рас. Меніңше қазақ елінің көлдей көңіліне мың алғыс. Ал ресми саяси жағынан алып қарағанда “Құланның қасынуына, мылтықтың басылуы” да дәл келіп қалды. Моңғолиядағы өткен самидты айтам. Қысқасы Моңғолиядағы бауырлардың еңсесі бір көтеріліп қалды.

    Reply
  • 21.07.2016 at 8:55 +06
    Permalink

    Қазақ елі үкімет басшысының Баян-Өлгейге барған сапары тарихи оқиға ретінде есте қалары анық. Кәрім Мәсімов мырза және қасындағы азаматтарға деген халықтың ықыласы ерекше болды. Басына бөрік кигізіп, үстіне оқалы шапан жауып, астына ақ сәйгүлік тұлпар мінгізіп, қолына үкілі қамшы ұстатқан кезде Кәрім Қажымұқанұлының ерекше шаттанған қуанышты күйін көзімізбен көрдік. Сонда жиылған әрбір қазақ артында Қазақстандай айбарлы елі бар екендігін шын түсінді және бұған шүкіршілік етті.

    Reply
  • 21.07.2016 at 8:58 +06
    Permalink

    Taмаша

    Reply
  • 21.07.2016 at 8:59 +06
    Permalink

    Нагыз казаки ортага барып Карим мырза бираз нарсе тусинген сиякты Жан жакты колдау берип жатканына куанып калдык

    Reply
  • 21.07.2016 at 9:00 +06
    Permalink

    Солай болғандай болды. Кеше үкімет үйінде жиын өткізіп Бай-Өлке аймағына жан-жақты көмек, қолдау көрсетуді алты министірлікке тапсырды, разы болдық әрине

    Reply
  • 22.07.2016 at 7:39 +06
    Permalink

    Басына бөрiк кигiзiп, иығына шапан жапты. Мiне, осы сапарында үкiмет басшысы селден зардап шеккен аймаққа Қазақстаннан гуманитарлық көмек жөнелтiлетiнiн, бұл – президенттiң тiкелей тапсырмасы екенiн аузын толтырып тұрып айтқан. Қазiр сол гуманитарлық көмектiң көлемi белгiлi болды. Ұзын-ырғасы 200 мың доллардың дүниесi екен. Ендi осы дүниенi, осы соманы гуманитарлық көмек деуге бола ма? Селден 100 шақты үй қирап, 700-дей қазақ баспанасыз қалған. Ал 200 мың доллар дегенiңiз – Қазақстандағы шендi-шекпендi¬лердiң бiр коттедж соғуына да жетпейтiн қаржы. Атқұмар шенеунiктердiң қорасындағы бiр жүйрiктiң құны 200 мың доллардан бiрнеше есе асып түседi. Осы жерде қазақ билiгi неге шеттегi қазақтардан қаржы аяды деген сауал туады. Мұндай сауалдың туындауына гуманитарлық көмек көрсеткiш Қазақстанның сырт¬қа сырғытқан демеу қаржысы себепкер. Мәселен, Қазақстан 2013 жылы табиғи апаттан зардап шеккен Шри-Ланка мен Гватемалаға 978 мың доллардың көмегiн көрсеткен. 2014 жылы Ауғанстанға 1 млн 985 мың 917 доллардың азық-түлiк өнiмдерiн жөнелткен. Осы жылы Ресейдiң Благовещенск қаласындағы су тасқынына байла¬ныс¬ты 240 орындық балабақша салу үшiн 379,3 млн теңге бөлген. Қазақстанның 2015 жылы Тәжiкстанға көрсеткен көмегiнiң жалпы құны -4,7 млн доллар. Дәл осы жылы П.Порошенкомен кездескен Н.Назарбаев Украинаға 2 млн еуро гуманитарлық көмек жiберiлгенiн және бұл бағыттағы жұмыстардың ары қарай да жалғаса беретiнiн айтқаны бар. Жалпы, мұндай деректердi ондап, жүздеп келтiруге болады. Ал үкiметтiң Моңғолия қазақтарына бөлген қаржысы тым мардымсыз. Тiптi жоққа тән. Бұл – қазақ билiгiнiң сырттағы қандас¬тарына қатысты ұстанымын ашып көрсететiн нақты дәйек. Тағы бiр мәселе бар. Моңғолия қазақтарының күнi Қазақ¬стан¬ға қарап тұрған жоқ. Талай қиындықты басынан кешiрген жұрт бұл сынақтан да өтедi. Әрине, апаттан кейiн амандықтарын бiлуге барған әр адам олар үшiн үлкен күш. “Бiздi де ойлайтындар бар екен-ау” дейтiн ой есеңгiреген жұртқа әл бередi. Ал Қазақстан үкiмет басшысының орны мүлде бөлек. Өйткенi халық оны атамекеннен келген бауыр, шынайы жанашыр, етжақын туыс ретiнде қабылдайды. Өздерi баспанасыз қалса да, ата-баба дәстүрiмен ат мiнгiзiп, шапан жауып жатқаны да сондықтан,- деп Сансызбай Нұрбаба бауырымыз, Жас Алаш газетіндегі мақаласында осылай жазыпты. Қаншалықты орынды, орынсыз екенін оқырман саралап көрсін деп, оның пікірі ретінде осында қосып отырмын

    Reply
  • 23.07.2016 at 0:11 +06
    Permalink

    Көңілі дархан, жүрегі жомарт-қайран қазағым-ай.Етегі жасқа толып, елінің тоқымы сүріліп бара жатса да қонағының алдында ар- ожданын ұмытпаған. Қазағымыздың “көкесі” сол құрмет, қошеметке нарттай болып қызарып, масаттанып кеудесін көкке созып тұр-ау.Әліппені жаңа ашқан балауыз қазақшасында жомарт қазақ жоғары бағалап жатыр,Бергенін, келгенін айтып жаһаннамға жар салды. Орнында “оймақ” қалды. Оны да ұқтық.
    Мынадай құрметке ие болған айбарлы Азамат үзеңгіге аяғын салып тұрып қабылдап, тізгінді қайыра тартып, көңілі қаяу қандастарға қылдай ғып таратып, ноқтасын құшып тұрып қуанып қайтар еді. Міне- қазақ.

    Reply
  • 25.07.2016 at 7:05 +06
    Permalink

    Мұндағылар жат елде тұрып жатса да, олар нағыз қазақтың жүрегі. Өзге ұлттардың арасында өз ұлтының салт дәстүрінің қаймағын бұзбай сақтаған ат төбеліндей-ақ аз қазақ осылар!

    Reply
  • 25.07.2016 at 7:07 +06
    Permalink

    Кәрім мырза Баян-Өлгийге барып қазақша сөйлеп, қазақи ортаның шын ықласын көрді. Сондықтан ол да адамның баласы, жан дүниесінде ана тілімізге қатысты бір өзгеріс болуы тиіс деп ойлаймын

    Reply
  • 25.07.2016 at 13:09 +06
    Permalink

    Мемлекет пен халық болып ата жұртқа көшіріп алайық.Солтүстікте бос қалған ауылды мекен көп қой.

    Reply
  • 25.07.2016 at 13:11 +06
    Permalink

    Алла жар болсын, оларға кол ұшын берейік, көмектесейік ағайын! Сол жердің топырағында туылдық қой!

    Reply
  • 25.07.2016 at 13:12 +06
    Permalink

    Мемлекттің шамасы келеді ,тек істеуге ниеті болса. Жақында Масимов ағамыз үшін оралмандар мәселесін қолға алып еңбек көрсету уақты келді деп ойлаймын.
    Тилеукабыл Сулейменулы

    Reply
  • 25.07.2016 at 14:18 +06
    Permalink

    Мемлекттің шамасы келеді ,тек істеуге ниеті болса. Жақында Масимов ағамыз үшін оралмандар мәселесін қолға алып еңбек көрсету уақты келді деп ойлаймын.

    Reply
  • 25.07.2016 at 14:20 +06
    Permalink

    Иә ауыр жағдай. Алла есіркесін. Біздің мемлекет тарапынан не көмек берер екен. Және ол жақтан да көп түкірсе көл дегендей қарасқан дұрыс

    Reply
  • 25.07.2016 at 14:22 +06
    Permalink

    Әрине көшіріп əкелген дұрыс-ақ, бұған беделді адамдар араласуы керек деп ойлаймын! Қолымыздан келгенше шамамызға қарай көмектесейік, ағайын!.

    Reply
  • 25.07.2016 at 14:39 +06
    Permalink

    Тілсіз жауға шара жоқ, қолдау көрсету адамдық парызымыз, көмектесейік ағайын!

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған