Еліміздегі ең үздік әкім анықталды

Sayasat.org сайты еліміздегі әкімдердің маусым айындағы рейтингін жасады. 1-4 шілде аралығында өткізілген сауалнамаға 27 сарапшы – саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, блогерлер, политехнологтар мен журналистер қатысқан.

Сонымен, сауалнама нәтижесі бойынша Астана әкімі Әсет Исекешов ең үздік әкім деп танылды. Сарапшылар елорда әкімінің ЭКСПО көрмесіне дайындығын жоғары бағалап отыр. Қысқа уақыт ішінде көп шаруа тындыра алатын іскерлігі де назардан тыс қалмаған.

Ал Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұл жолы екінші орынға жайғасыпты. Ол еліміздегі мегаполистердің бірін жаңғыртып жатқанымен қоймай, қала тұрғындарына өмір сүруге қолайлы жағдай жасай білген.

Үздік үштікті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов түйіндеді.

Одан кейінгі орындарда – Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев (4), Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев (5), ШҚО әкімі Даниял Ахметов (6), ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев (7), Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов (8), Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов (9), Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев (10), Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин (11), БҚО әкімі Алтай Көлгінов (12), Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев (13), Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов (14) , СҚО әкімі Құмар Ақсақалов (15), Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов (16).

Baq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған