Ералы Тоғжанов: Бекеттерде тексерісті күшейту керек

Маңғыстау облысының әкімі кезекті аппараттық жиында газ құю бекеттерінде тексерісті күшейту керек деді. Себебі ішкі нарықтағы алып-сатарлар газды шетке шығаруы мүмкін. Айта кетсек, өткен аптада Ералы Тоғжанов газ құю бекеттерін аралаған еді. Сапар аясында аймақ басшысы салық қызметкерлерінен түгел кәсіпкерлердің екі жылда игерген газ көлемі көрсеткішін тексеруді тапсырған болатын. Алайда жауапты орган тарапынан әлі дұрыс жұмыс жүргізілмеген. Ералы Тоғжанов осы орайда газ құю бекеттеріне қатысты тексерісті күшейтуді тапсырды.
— Бақылауды күшейтіңіздер. Газды шетке шығармай, бірінші өз өңірімізді қамтимыз. «GPS» арқылы зауыттан шыққан сұйытылған отын халыққа жету тізбегіне дейін жіті бақылануы керек. Қала әкіміне тапсырма — барлық газ құю бекеттеріне бейнекамера орнатыңыздар, — деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған