ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ: ГАЗ ҚҰЮ БЕКЕТТЕРІНДЕ ТЕКСЕРІСТІ КҮШЕЙТУ КЕРЕК

Маңғыстау облысының әкімі кезекті аппараттық жиында газ құю бекеттерінде тексерісті күшейту керек – деді.  Себебі, ішкі нарықтағы алып-сатарлар газды шетке шығаруы мүмкін. Айта кетсек, өткен аптада Ералы Тоғжанов газ құю бекеттерін аралаған еді. Сапар аясында аймақ басшысы салық қызметкерлерінен түгел кәсіпкерлердің екі жылда игерген газ көлемі көрсеткішін тексеруді тапсырған болатын. Алайда, жауапты орган тарапынан әлі дұрыс жұмыс жүргізілмеген. Ералы Тоғжанов осы орайда газ құю бекеттеріне қатысты тексерісті күшейтуді тапсырды.

Бақылауды күшейтіңіздер. Газды шетке шығармай, бірінші өз өңірімізді қамтимыз. “GPS”  арқылы зауыттан шыққан сұйытылған отын  халыққа жету тізбегіне дейін жіті бақылануы керек. Қала әкіміне тапсырма –   барлық газ құю бекеттеріне бейнекамера орнатыңыздар, деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

МАҢҒЫСТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Бірінші жарты жылдықта 10 мың адам “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысқан. Оның 9 мыңына нақты көмек көрсетілген. Мұны кезекті аппарат жиынында Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова мәлімдеді. Сондай-ақ, жиында “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасы да талқыланды.

Жыл басынан бері 4 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылса, 900 адам әлеуметтік жұмысқа жұмылдырылған. 800-і жастар практикасына жолданып, 300-ден аса адам сандық сауат ашу курсынан өткен. Мұның бәрі “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021” жылдарға арналған бағдарлама аясында жүзеге  асты. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде “Бастау бизнес” жобасы арқылы 16 адам шағын несие алып кәсібін ашқан.

“Бастау – бизнес” жобасы аясында бірқатар жұмыссыз жандар тегін оқудан өтіп, кәсіпкерлікті игерді. Атап айтар болсам, 324 адам оқудан өтті. Оның 303 сертификат алды. 161 адам бизнес жобасын қорғады. Сондай-ақ, Жұмыс күші тапшы өңірлерге тұрғындарды тартуда қарқынды жүргізілуде. Осы 1-2 айдың ішінде Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысына 13 отбасы қоныс аударды, дейді Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлмира Қалмұратова.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2017-2018 оқу жылында 1500 адам жұмысшы мамандығын тегін оқиды. Оның ішінде 1175 адам 9 сынып базасында оқыса. 356 адам 11 сынып базасында білім алады.

Қазіргі таңда 70 пайыз біз орындадық. Енді қалған мүмкіндікті біз қазір жұмыс жасап жатырмыз. Осы бағытта аудан қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандырып, осы бағдарламаға тиісті біз мамандарды дайындауымыз керек, дейді Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова.

Өңірде кәсіпкерлікке қолдау жоғары. “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы осының айқын дәлелі. Бағдарлама шеңберінде 7 айдың ішінде облыста 112 жоба іске қосылған.

Биыл кәсіпкерлік саласы үшін табысты жыл десем артық айтқандық емес. Жобалар саны былтырғы жылға қарағанда 30 пайызға өскен. 500-ден аса жұмыс орны ашылды.  Жобалардың басым бөлігі аудандарда жүзеге асып отыр. Б|ұл көрсеткіш жыл соңына дейін өседі деп ойлаймын, дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева.

Жобалардың басым бөлігі сауда-саттық, өңдеу өнәркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылған.

 

Айман Оңғарбайқызы

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған