ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ ӨНДІРІС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖӘЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

 

Маңғыстау облысының әкімі Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағына жұмыс сапарымен барды. Ералы Тоғжанов өндіріс нысандарының жәй-күйімен танысып, жұмысшылардың жағдайын көрді.

Өңір әкімі алдымен темірбетонды бұйым шығаратын зауыттың құрылысымен танысты. Жоба құны 768 млн теңге. Нысан аумағы 6 га. Зауыт осы айдың аяғында іске қосылады. 200-ден аса адам жұмыспен қамтылады. Ералы Тоғжанов өндіріс нысанының тыныс-тіршілігін көргеннен кейін құрылыс жұмысын ширату керектігін айтты.

Зауыт іске қосылған соң, тек тапсырысқа жұмыс істейміз. Жұмысшыларға барлық жағдай жасалады. Осында арнайы жатахқанасы да болады, дейді”Қазақ сельмаш” корпорациясы басқарма төрағасының кеңесшісі Қанат Батырханов.

Жылына 1000 тонна өнім, 30 адамға тұрақты жұмыс. Бұл болаттан бұйым жасайтын кәсіпорынның берер мүмкіндігі. Зауыт өнімі мұнай-газ, құрылыс саласына қолданылады. Жоба күзде іске қосылады.

Сондай-ақ, облыс әкімі трансформатор мен электр кабельдері және кеспе тас шығаратын кәсіпорындарды аралады. Өндіріс орындарының ахуалын бағамдап, мұнда еңбек ететін жұмысшылардың жағдайымен танысты.

 

Айман Оңғарбайқызы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған