Ерлердің жадында жаттаулы жүрсін!

 (Бірінші ашуланған адам жеңіледі)

– Әдетте танысуға батылың жетпейтін қызбен танысып көр. Біраз таң қаласың.
 Саған тікелей қауіп төндірмеген адамға зарар келтірме.
– Әр баскиімді өз мақсатына сай ки.

-Сақал-мұртты сабындап барып қырынуды үйрен.
– Жақсы тігілген әдемі костюм кию – жігіттің көркі.
– Бірінші рет түктің бағытына қарай қырыну керек.
– Адаммен сөйлескенде көзіне тік қара.
– Вантуз қажет болмай тұрып сатып алып қой.
– Спортпен шұғылдану жігітті бақытқа бөлейді. Жүгіру, штанга көтеру, гантельмен жаттығу, футбол, баскетбол және т.б.
– Галстук тақпас бұрын тісіңді шаюды әдет қыл.
-Жалақыңның бір бөлігін жинап жүр.
– Әке-шешеңе апта сайын қоңырау шал.
– Ешқашан түймеленетін галстук тақпа.
– Адамдардың қолын қатты қысып амандас.
– Әйелдің аяқкиіміне қатысты мақтау айт.

– Бірдеңеге сенімің болмай тұрса да сенімді қалып таныт.
-Адамды мазалайтын нәрсесі арқылы тануға болады.
– Тәннің тілін жақсы меңгер. Әсіресе, өзіңдікін (Ым, ишарат, жүріс-тұрыс).
– Нысанаға алдың ба – шүріппні бас.
– Біреудің қолын қыспас бұрын орныңнан міндетті түрде тұр.
– Айырлып қалуға қорқатын нәрсені қарызға берме.
– Жауап бергеннен сұрақ қоюға пейілді бол. Адамның бәрі өзі туралы айтқанды ұнатады.
– Кеңседе артық киім сақтауды әдет қыл.
– Құрал-жабдық алғанда ең сапалысын таңда, әйтпесе қайта-қайта сатып алуға тура келер.
– Азаматтық – өзіңді ғана ойлау емес, айналаңа қамқорлық таныту.
– Ертесі қысылмай айта алатын шешімдерді ғана қабылда.
– Түрегеп жүргенде түмпиіп жерге қарама, алдыңа қарап жүр.
– Көңілді жігіттер аттандаушылардың алдын орап әкетеді.
– Көңіліңе жағатын істі тап, одан қалай пайда табуға болатынын біл.
– «Кішкене басың» «үлкен басыңның» алдына түсіп кетпесін.
– Өмірлік мәртебесі мен қызметіне қарамастан әр адам сенің құрметіңе лайық.
– Ең бастысы — жеке бастың жауапкершілігін меңгеру. Әр кездің өз түйткілі бар, сенің мақсатың – соның бәрін шешу.
– Бірінші ашуланған адам жеңіледі.
– Ешқашан жұмыс пен мойынға жүктелген парыз дүниеге ренжіме. Ренжігеннен басқа біреу келіп істеп бермейді.
– Ешқашан оқып-ізденуден шаршама.
– Елдің алдына шығатын кезде өмірлік махаббатыңды қарсы алуға шыққандай киініп жүр.
– Біреудің бақыты үшін өзіңді өзгертуге талпынба. Өзің үшін ғана өзгер.
– Егер осы бөлмеде ең ақылды сен болсаң, онда сен дұрыс емес бөлмеде отырғаның.
– Шын күткен адамға ғана сәттілік бұйырмақ.
– Жігіттің сенімді болуы оған көрік береді дейді әйелдер.
– Қалауыңның бәрін жаса, тек ниетіңді кірлетпей жаса, ең дұрыс жолын таңдай біл.
-Ажал құшар алдында ешкім жұмыс істей тұрайын демеген. Өмірден ләззат ала біл.

Аударған Шынар Әбілдә

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған