Ертең Елордада «Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және тәуелсіздік құндылығы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы 2016 жылғы 10 қараша күні сағат 11.00-де ҚР Ұлттық музейінің мәжіліс залында Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік құндылығы» атты ғылыми-тәжірибелікконференция өткізеді.    

Конференцияның мақсаты – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғұлама ғалым әрі шебер аудармашы – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан өмірі мен қоғамдағы рөлін, қызметін жан-жақты терең зерттеу, тану, таныту, келешек жас ұрпаққа насихаттау.«Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы мен еліміздің тәуелсіздік алуына өлшеусіз үлес қосқан, туған елін тәуелсіздік мұратына ұйыстыра білген қозғалыс көшбасшыларының мұрасын тарату мен қалың көпшілікке дәріптеу.Азаттықты аңсаған, сол жолда қызмет атқарған күрескер бабаларымыздың ұлы мұраты ел Президенті Н.Ә. Назарбаев тұсында жүзеге асқанын, Елбасы алға тартқан «Мәңгiлiк Ел» идеясы «Алаштың» негізгі ұстанымы – қазақ бостандығымен тығыз үндесіп жатқанын көпшілікке жеткізу.

Конференция жұмысынаАстана және ел аймақтарынан белгілі ғалымдарМәмбет Қойгелді, Тұрсын Жұртбай, Айгүл Ісімақова, Сұлтанхан Аққұлы, Дихан Қамзабекұлы, Ербол Тілешов, Шерубай Құрманбайұлы, Берік Әбдіғали, Қайрат Сақ, Жандос Смағұлов т.б., қаламгерлер, зиялылар, тіл жанашырлары, депутаттар, мекеме басшылары, тарихшылар мен әдебиетшілер, магистранттар мен студенттер қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, аталмыш шараға Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның туған топырағы – Ақтоғай жерінен аудан әкімі бастаған бір топ делегаттар келеді, олардың ішінде Ұлы тұлғаның әулетінің ұрпақтары, жақын туыстары да бар.

Конференция пленарлық және секциялық мәжілістерден тұрады. Пленарлық отырыста конференцияның қарары қабылданатын болады. Құрастырылған материалдаржинақ ретінде шығарылып, беріледі.

Ғылыми-тәжірибелік конференция барысындаарнайы әзірленген таратпа материалдары беріліп, шара аясында тағзым шаралары,көрме, еске алу рәсімдері ұйымдастырылады

Ұйымдастыру комитеті

55 67 28, 8 775 411 64 12 (Ержан Еңсебай)

 

ЖҮРУ ТӘРТІБІ

9 қараша – қонақтардың келіп, орналасуы.

10 қараша 

07:00 Бабалар рухына құран бағыштау («Бабалар қорымындағы» Кенесары хан сарбаздарының және мемлекет қайраткері Смағұл Садуақасұлының рухына құран бағышталады)  

 

«Қараөткел» көне зираты (Жастар шағын ауданы) 
08:00 Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қабырғасына гүл қою рәсімі

 

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені (Ақмол ауданы)
08:10 «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенін аралау

 

10:00 Конференцияға тіркелу

 

ҚР Ұлттық музейі

 

11:00 Конференция (пленарлық отырыс)

 

13:00 Әлихан Бөкейханның рухына арналған ас
15:00 Конференция (секция жұмыстары)
17:00 Ұлттық музейді аралау
19:00 Іс-шараның соңы

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған