Ерік Сұлтанов «25 жұлдызды күн» шарасын ашты

Петропавл қаласында «Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн шарасы салтанатты түрде басталды. Ауқымды республикалық акция Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Іс-шараны ашқан жастар флешмобы мерейтойлық «25» санын құрады. Онда Назарбаев интеллектуалды мектебінің 500-ге тарта оқушысы қатысты. 

                         dsc_0870   dsc_0884

Салтанатты түрде мемлекеттік әнұран орындалған соң, өңір басшысы Ерік Сұлтанов құттықтау сөз сөйледі. Облыс әкімі жалпыхалықтық мерекенің мәні мен маңызына тоқталды.

«Мемлекетіміз үшін маңызы зор, ұлы мереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жалпыхалықтық деңгейде мерекеленуде.

БүгінбізҚазақстанныңегемендікжылдардажеткенжетістіктері мен табыстарынпашететін «ҰлыДалаелі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн шарасын бастаймыз. Тәуелсіздіктің 25 жылдығындаелімізтұрақты даму жолынатүсіп, биікбелестердібағындырды», – деп атап өтті облыс әкімі.

dsc_0996

Аға буын өкілдерінің атынан жиналғандарды еңбек ардагері, облыстың құрметті азаматы Нэлли Иванова құттықтады.

«Петропавл қаласы – Қазақстанның солтүстік қақпасы. Біздің облыс Отанымыздың тарихын талай жарқын беттерге толтырды. Мемлекеттің басты байлығы Ұлы Отан соғысы, Тың игеру, нарықтық экономика жылдарында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен халқы, елінің батыр азаматтары. Философтардың айтуы бойынша, өркениетті даму мемлекет байлығымен емес, астығының мөлшерімен емес, халқымен бағаланады. Біздің солтүстікқазақстандықтар бірнеше мәрте мұны дәлеледеп келеді», – деді Нэлли Александровна.

Өз кезегінде жастар атынан Қызылжар ауданының тұрғыны Думан Закирин сөз сөйледі.

«Жастар – болашақтың негізі. Осылай деп Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан. Біздің жақсы білім алуға, лайықты жұмысқа орналасуға мүмкіндігіміз көп. Бейбіт аспан астында жарқын болашаққа сенімді жоспар құрамыз. Біздің басты байлығымыз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғауға, сақтауға сөз береміз», – деді Думан Закирин.

dsc_1021

Ерік Сұлтанов Думан Закиринге «Солтүстік Қазақстан облысындағы Тәуелсіздік құрдастарының тілегі» кітабын табыстады. Бұл кітап барлық аудан орталықтарына жеткізілетін болады. 25 «жұлдызды күн» ішінде өңір жастары аталған кітапқа өз тілектері мен лебіздерін жазады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған