Есенғали Раушановтан 4 өлең

Биыл қазақтың классик ақыны Есенғали Раушановтың 60 жылдық мерейтойы. Осы айтулы мерейтойға орай әдебиеттің, оның ішінде өлеңнің өлкесінде жүрген жастар ақынның жауһар жырлары оқылған видеоролик түсірді. Қазақ қашанда ақынын ардақтаған халық. Немістің әйгілі ақыны Гетенің «Мына дүниеге қандай да бір қайғы-қасірет келе қалса, ол әуелі ақын жүрегінен өтеді» деуі тегін емес.  Ақын туралы кезінде қазақтың Қадыры: «XX ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап, күні бүгінге дейін қазақ өлеңіне толқын-толқын боп жамырай келіп жатқан жас лириктерге толайым қозғау салып, соңынан шәкірт ерткен, өз мектебін ашқан шайырлар бізде көп емес. Қазақ поэзиясының классигі Есенғали Раушанов сол аз шоғырдан – санаулылар санатынан» деп көзі тірісінде баға беріп кетті. Ақынға ақыннан артық ешкім баға бере алмасы хақ. Ақынның жауһар жырлары оқылған видеороликтерді өлеңсүйер оқырмандар назарына ұсынамыз!

«Құлыншақ»

«Сүйдім мен Іңір деген пері қызын…»

«Намазшамда көлеңкелер өледі»

«Жаз не деп еді?»

Дайындаған Жандарбек ЖҰМАҒҰЛОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған