Есею мен өзіңді қабылдау

Есейген адам – уылжып піскен жеміс сияқты.
Мысалы, алмұрт.
Алмұрт мінсіз емес. Бірақ ол басқа болуға тырыспайды. Алмұрт өзін өзгерту, дара болу тренингтеріне қатысып, шабдалы болуға тырыспайды.
Ол өзін бүгін көңіл күйі жоқ банан ретінде көрсетпейді. Су жаңа диеталарға отырып, шиедей болам деп қиналмайды. Бала күнімде ғажап мандариндей болғам деп өтірікті соқпайды.
Ол өзін алмұрт ретінде көреді. Бір жеріне құрт түскен, бір шетінің қабығы қаттылау, бір жағында тәтті бүйірі шығып тұрған күйі қабылдайды.

Есейген адам да солай. Ол мінсіз емес. Ол өз болмысымен күресіп, шаршап, көңілі қалып, осы бітіміне риза боп, қабылдап, өзінде бар қасиетті терең түсініп, сонысын артықшылығына айналдыра білген адам.

Сондықтан әр жағдайда ол өз болмысынан айнымайды. Бұнысы тек тәжірибенің нәтижесі ғана емес, өзінің таңдауы да.

Аглая Датешидзе (Aglaya Dateshidze)
Аударған Шынар Әбілдә

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған